Байланыс операторының шетелге сатылуы: министрлік ел азаматтарының жеке деректеріне қатысты пікірін айтты

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров қазақстандық азаматтардың жеке деректеріне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы “Курсив” басылымы жазды. Журналистер министрден “Мобайл Телеком – Сервисті” (Tele2 және Altel брендінің атымен істейді) катарлық компанияға сатқанда ел азаматтарының жеке дерегі мен хабарламаларын қалай қорғап қалатынын сұрады.

Байбазаровтың айтуынша, қауіпсіздіктің мемлекеттік жүйесі мен арнайы қызмет шетел компаниясының заң нормаларын қатаң сақтағанын бақылайды.

“Иә, әрине. Бірақ олар Қазақстанда жұмыс істейді ғой, келісімге қол қойылғанда тек эконикамалық және қаржы жағдайына емес, құқыққорғау мәселесіне де назар аударылды. Жүйе істеп тұр, ол бақылап отыр. Қауіп-қатердің болуы мүмкін, оны жоққа шығара алмаймыз. Жабық бірақ қауіпсіздік мәселесін бақылап отырған мемлекеттік жүйе, арнайы қызмет бар”, – деді Байбазаров мәжілістің брифингінде.

Factcheck.kz