Президент Джо Байден 16 қаңтарда америкалықтарға сөз сөйлеп, Дональд Трамптың инаугурациясы қарсаңында өз мерзімін қорытындылады. «Новая газета» жазғандай, Байден үндеуінде жасанды интеллект мәселесін қозғаған.
Байден ЖИ қауіп-қатері туралы ғана айтып қоймай, «жасанды интеллекті дамытуда» Қытай емес, АҚШ әлемді бағындыруы керек деп мәлімдеді.
«Егер сақтық шаралары белгіленбесе, ЖИ біздің құқығымызға, өмір салтымыз бен құпиялылығымызға, қалай жұмыс істейтінімізге және елімізді қалай қорғайтынымызға жаңа қауіп көзі болуы мүмкін», — деді АҚШ президенті.
Контекст
Желідегі сөз бостандығының жай-күйі туралы жыл сайынғы есепте Freedom House сарапшылары 2023 жылы дәстүрлі қауіптерге жасанды интеллект қосылғанын хабарлады. Сауатты және этикалық қолдану тәсілі болмаса, көпфункционал технология билік пен корпорациялардың нағыз қаруы бола алады. Factcheck.kz жасанды интеллект цифрлық қауіпсіздікке қандай қауіп төндіретінін және әлем онымен қалай күресіп жатқанын айтып берген еді.