Азаматтардың 40%-тен астамы Қазақстанның Олимпиададағы нашар нәтижесінің себебі жемқорлық деп санайды — DEMOSCOPE

Азаматтардың 40,6%-і Қазақстан құрамасының Парижде өткен Олимпиадада көп медаль жеңе алмауына негізгі себеп спорттағы жемқорлық екеніне сенімді. Бұл туралы DEMOSCOPE қоғамдық пікірдің эспресс-мониториң бюросы халық арасында «Париж олимпиадасындағы Қазақстанның нәтижесі туралы ойы» деген тақырыптағы сауалнамасының нәтижесіне сүйеніп хабарлады.

Қазақстан құрамасы Францияда өткен Олимпиада ойындарында жеті медаль — 1 алтын, 3 күміс және 3 қола иеленді.

DEMOSCOPE бюросы респонденттерінің пікірінше, Қазақстан құрамасының көп медаль жеңіп алуына бірнеше себеп болуы мүмкін. Азаматтардың 40,6%-і негізгі себеп спорттағы жемқорлық деп санайды. 22,2%-і спортшылардың дайындығы салдарынан, 19,1%-і аз қаржы бөлінгеннен, 18,9%-і білікті жаттықтырушылар мен оқу-жаттығу базасының жетіспегенінен, 18,6%-і балалар мен жасөспірімдер спортының нашар дамығаны салдарынан нәтиже төмен болғанын айтады.

Сауалнама нәтижелері Қазақстан құрамасының Париждегі Олимпиададағы өнеріне қоғам теріс баға беретінін көрсетті. Респонденттердің үштен бірінің нәтижелерге көңілі толмады (35,3%), ал сауалнамаға қатысқандардың одан көп бөлігі (37,1%) ұлттық құрамадан бұдан жақсы нәтиже болады деп күтпеген. Респонденттердің 21%-і ғана олар күткеннен де жақсы нәтиже көрсеткенін айтты. Бір қызығы, ойындарды мұқият бақылаған респонденттердің тобы спортшылардың нәтижелеріне барынша сын көзбен қарайды: олардың 43,8%-і ұлттық құрама үмітті ақтамағанын атап өтті.

  • Азаматтардың 40%-тен астамы Қазақстанның Олимпиададағы нашар нәтижесінің себебі жемқорлық деп санайды — DEMOSCOPE

Қазақстан азаматтарының 40,6%-і ұлттық құраманың Парижде төткен Олимпиададағы өнерін бақылаған. Олардың 13,2%-і ойындарды өте мұқият, 12%-і негізгі оқиғалар мен нәтижелерді бақылаған, ал 15,4%-і кейде ойындарға қатысты жаңалықтарды қараған. Олимпиаданы әйелдерге қарағанда ерлер көп көрген. Ел азаматтарына көбіне бокс (60,7%), күрес (39,6%), дзюдо (38,2%) және гимнастика (12,5%) қызық болған.

Сонымен қатар қазақстандықтардың көпшілігі (76,3%) Олимпиада чемпиондарын қымбат әрі ақшалай сыйлықтармен марапаттау тәжірибесін жақтайды. Олардың пікірінше, чемпиондар марапатқа лайық. 10% бейтарап екенін айтты, өйткені олар одан ешқандай пайда немесе зиян көрмейді. Ал бұл үрдіске 8,6%-і ғана қарсы, «бұл олимпиадалық рухқа қайшы әрі спорттың коммерциялануына әкеледі» деп есептейді.

Сондай-ақ респонденттер болашақ Олимпиада ойындарындағы көрсеткішті жақсарту үшін балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға ақша салу және спорттағы сыбайлас жемқорлықты жою қажет екенін, қаржыландыруды арттыру керек екенін, спорт инфрақұрылымын және бұқаралық спорттың қолжетімділігін дамыту керегін, тәжірибелі халықаралық жаттықтырушыларды тартқан дұрыс екенін, спортшыларды жаттығу жасау үшін ең жақсы жағдайлар жасау керек екенін, Олимпиададағы сәтсіздіктер үшін шенеуніктерді жауапкершілікке тарту керек екенін айтады.

DEMOSCOPE зерттеуінің нәтижелері қазақстандықтардың отандық спортшыларға басымдық беретінін және басқа елдерден келген спортшылардың азаматтық алуына қарсы екенін көрсетті.

Factcheck.kz