Алматыда полицейлер интернет-алаяқтардың байланыс орталығын анықтады

Алматы қаласының полицейлері интернет-алаяқтықпен айналысқан колл-орталықты анықтады. Бұл туралы Vlast.kz Қазақстанның бас прокуратурасына сүйеніп хабарлады.

«Ірі бизнес-орталықтардың біріндегі кеңседен ресейлік азамат ұйымдастырған колл-орталық анықталды. Ол Қазақстанның 24 азаматын жұмысқа тартып, клиенттерге хабарласып, криптовалютаға инвестиция жасауды ұсынған. Клиенттер қаражатты олардың шоттарына аударған соң, алаяқтар қоңырауды бұғаттап отырған», – делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері 60 компьютер мен басқа да жабдықтарды тәркілеген. Оларда интернет арқылы аноним түрде қоңырау шалуға болатын арнайы бағдарлама, түрлі GSM-шлюздер мен «Sim-Box» қолданылған. Клиенттермен жұмыс істеу алгоритмі жазылған блокноттар да табылған.

Құқық қорғау органдары зардап шеккендер мен күдіктілер келтірген шығынды анықтап жатыр.

Сонымен бірге, интернет-алаяқтарды анықтау құқық қорғау органдары мен байланыс операторлары арасында жасалған меморандум аясында жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Журналист

Factcheck.kz