Желіде Дональд Трамп жайлы фейк тарады

Желіде АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың ақша жинау үшін ядролық қару кодын жазып, электрондық хат жібергені туралы ақпарат тарады. Reuters агенттігі мәліметтің рас-өтірігін тексеріп көрді.

5000-нан астам рет бөлісілген скриншотта “Дональд бізге “ядролық кодтарды” жіберу арқылы қаражат жинап жүр. Бұл Трамп үшін қалжың ба? #nucleardocuments” делінген.

Дегенмен, фактчекерлер скриншоттың фейк екенін анықтады. Reuters дерегінше, түпнұсқада ФБР (Федералды тергеу бюросы) Трамптың Мар-а-Лагодағы үйіне тінту жүргізгеннен кейін жіберген электронды хаты көрсетілген.

Хабарламада «Ядролық кодтар: 15-25-50-80 Сіз маған $15 $25 $50 $80 қайырымдылық жасайсыз ба?» деп жазылған. Сонымен қатар, мәтіннің үстінде Трамптың суреті бар.

Reuters хабарлауынша, Трамп ФБР рейдінен кейін хабарламалар мен электрондық пошта арқылы жақтастарынан саяси қайырымдылық сұраған.

Трамптың баспасөз хатшысы Лиз Харрингтон Reuters агенттігінің сауалына жауап бермеді. Алайда ол Newsweek-ке «ядролық қарудың кодтары» жазылған электрондық хаттың «жалған» екенін мәлімдеген.

Контекст

  • Желіде Microsoft компаниясының негізін қалаушысы Билл Гейтске қатысты видео скриншоты тарады. Оның астындағы жазбада «Гейтс сұхбат кезінде журналиске чек ұсынған, содан кейін жіберіп алған мүмкіндіктер туралы ақыл айтқан деген болжам бар» делінеді. AFP фактчекерлері бұл оқиғаның шын мәнінде болған-болмағанын анықтап көрді.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz