ЖАЛҒАН | Шымкент әкімдігі Ленин ескерткішін жөндеуге 102 миллион теңге бөлді

Шымкент әкімдігінің Ленин ескерткішін жөндеуге 102 миллион теңге бөлгені туралы kaz.365info.kz сайты хабарлады. 

Шымкент əкімдігі Ленин ескерткішін жөндеуге қыруар қаражат бөлді. «Металлург» саябағында мызғымай тұрған күн көсемін қызғыштай қорыған ат төбеліндей белсенді топ билікті жеңіп тыныпты. Бес гектар алқапты алып жатқан орысша атауы алынбаған «Металлург» бағындағы Лениннің алып мүсінінің бағы жанды. Саябақты жөндеуге қала қазынасынан 102 миллион теңге бөлініп, демалыс орны қайта жөндеуден өте бастады. Жергілікті билік мыс мүсінді жаңартып, Лениннің ғұмырын ұзартты,

– делінген материалда.

Үкім: Жалған

Бастапқыда бұл мақаланы 365info.kz сайты “Шымкент әкімдігі Ленин ескерткішін жөндеуге 102 миллион теңге бөлді” деген тақырыппен жариялаған болатын. Кейін сайтта мақала тақырыбы “Шымкент әкімдігі Ленин ескерткішін жөндегелі жүр” деп өзгертілген.

Дегенмен, скриншоттан көріп отырғанымыздай, гиперсілтемеде бастапқы тақырып сақталып қалған. Қалай болғанда да, бұл екі дерек те шындыққа сай келмейді.

ЖАЛҒАН | Шымкент әкімдігі Ленин ескерткішін жөндеуге 102 миллион теңге бөлді

ЖАЛҒАН | Шымкент әкімдігі Ленин ескерткішін жөндеуге 102 миллион теңге бөлді

Скриншот kaz365info.kz сайтынан

(Айтпақшы, 365info.kz сайтындағы мақала жарық көрген соң 1 күннен кейін, 5 тамызда qazaquni.kz сайтында да дәл осындай тақырыппен материал жарияланды).

ЖАЛҒАН | Шымкент әкімдігі Ленин ескерткішін жөндеуге 102 миллион теңге бөлді

Скриншот qazaquni.kz сайтынан

Шын мәнінде осылай ма?

Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу Веб-порталындағы (goszakup.gov.kz) №1717615-1 хабарландыруда расында да “Шымкент қаласындағы “Металлургшілер” саябағын көгалдандыру және суғару жүйесін құру жұмыстарына” лот жарияланған екен. Сомасы 102 555 000 теңге. Алайда, Металлургтер саябағындағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге дефект актісінде ескерткішті жөндеуге қатысты тармақ жоқ, сәйкесінше, мұндай жұмыстарға ақша қарастырылмаған.

ЖАЛҒАН | Шымкент әкімдігі Ленин ескерткішін жөндеуге 102 миллион теңге бөлді

Скриншот Мемлекеттік сатып алулар сайтынан

Осы жөнінде Шымкент қалалық Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Бектұрсынов factcheck.kz тілшісіне берген жауабында былай деді:

Factcheck.kz сайтының тілшілері осы әңгіменің алдында саябақтағы ескерткішті суретке түсірген болатын. Суреттен байқасаңыздар, қазіргі сәтте ескерткішті монтаждау жұмыстары емес, су құбырларын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Дегенмен, ескерткіштің боялғаны айқын. Шымкент қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Бектұрсыновтың мәлімдеуінше, ескерткішті белсенді коммунистер бояп, жаңартқан.

Өз еріктерімен бояп, жаңартып жатса, оған қарсылық білдіре алмаймыз. Бюджеттен ақша бөлінген жоқ,

– деді Нұрлан Қарабалаұлы.

 ЖАЛҒАН | Шымкент әкімдігі Ленин ескерткішін жөндеуге 102 миллион теңге бөлді ЖАЛҒАН | Шымкент әкімдігі Ленин ескерткішін жөндеуге 102 миллион теңге бөлді ЖАЛҒАН | Шымкент әкімдігі Ленин ескерткішін жөндеуге 102 миллион теңге бөлді ЖАЛҒАН | Шымкент әкімдігі Ленин ескерткішін жөндеуге 102 миллион теңге бөлді

Factcheck.kz