Жалған | Кесар тілігі ашылып кеткен әйел дәрігерлер келгенше ішек-қарнын қолымен ұстап отырған

Өткен аптада қазақстандық және ресейлік ақпарат құралдарында жедел жәрдемді ішек қарнын қолында ұстаған қалпы күткен Мэл Бремнер туралы ақпарат тарады. Factcheck.kz сайты аталмыш ақпараттың рас-өтірігін анықтап көрді.

Үкім: Жалған  

Шын мәнінде, Мэл Бремнер (Mel Bremner) 2011 жылы 9 желтоқсан күні Ұлыбританияда Грэй дәрігерінің ауруханасында  босанған. Оқиғаның 2019 жылға еш қатысы жоқ. Жоғарыдағы басылымдар ескі оқиғаны биыл болғандай етіп таратқан. 

Жалған | Кесар тілігі ашылып кеткен әйел дәрігерлер келгенше ішек-қарнын қолымен ұстап отырған

Dailymail.co.uk сайтындағы мақалада Лондондағы король Эдвард VII ауруханасы мен колледжінің гинеколог кеңесшісі Майк Саввас бұндай жағдай медицинада орын алуы мүмкін екенін растады. Алайда өте сирек кездесетінін атап өтті.

СОДАН…

Бүгін Мэл Бремнер 3 баланың анасы. Кейінгі екі баласы да алғашқысы сияқты  кесар тілігі арқылы дүниеге келген. Мэлдың айтуынша, бұл жағдай келесі жүктілігінде қайталанбаған.

Жалған | Кесар тілігі ашылып кеткен әйел дәрігерлер келгенше ішек-қарнын қолымен ұстап отырған

Factcheck.kz