ЖАЛҒАН | 2017 жылы Қазақстаннан 380 000 адам кеткен

Маусым айының басында ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары Руслан Дәленов 2017 жылдың қаңтар айынан сәуір айына дейінгі көші-қон статистикасын жария етті. 365info.kz сайтында бұл мәліметтер «Қазақстаннан 4 айдың ішінде 380 мың адам кеткен» деген тақырыппен жарық көрді. 380 мың деген аз адам емес, сондықтан біз бұл көрсеткішті тексеруді жөн көрдік.

миграция в казахстане
Скриншот 365info.kz сайтынан

Үкім: Жалған

Вице-министр келтірген деректер азаматтардың жалпы көші-қонына қатысты, яғни Қазақстаннан тысқары жерлерге ғана емес, ел ішіндегі көші-қонға да қатысты (қалалар мен аймақтар арасында). Ал Қазақстаннан кеткен азаматтардың саны бұл көрсеткіштен әлдеқайда аз.

365info.kz тілшісі сілтеме жасаған алғашқы дерек көзі – «Тенгриньюс» сайтында бұл көрсеткіш мейлінше анығырақ көрсетіліп, материалға «ҰЭМ 2017 жылдың төрт айындағы көші-қон статистикасын жария етті» деген тақырып қойылған.

«Тенгриньюс» сайтындағы материал авторы маңызды нақтылау жасаған:

Қаңтар-сәуір айларында 376 мың адам кірген, 377 мың адам шыққан (ел ішінде және елден тысқары).

Алайда, шындыққа жанаспағанымен, айғайлап тұрған тақырыпқа жұрттың назары тез ауады. Мәселен, «Тенгриньюс» сайтында бұл материал 6,5 мың рет қаралса, «365info» 22 мыңнан астам көрілім жинаған.

Оқырман көші-қонның есебі қалай жасалатынын түсіну үшін және Қазақстандағы көші-қон мәселесін көрсету үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің 2004 жылдан 2015 жылға дейінгі жалпы және сыртқы көші-қон бойынша деректерін келтіруді жөн көрдік.
Сондай-ақ, ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің сайтында жарияланған көші-қонға қатысты соңғы деректерді келтіреміз (2015 жыл).

2015 жылғы жалпы көші-қон:

472 032 адам келген.
485 498 адам кеткен.

Алғашқы қатарда Алматы қаласы тұр, 40 742 адамға өсім (көші-қон сальдосы) бар.

2015 жылғы сыртқы көші-қон:

16 581 адам келген.
30 047 адам кеткен.

Шетелге Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарынан көп адам кеткен.

Статистика комитетінің деректері бойынша, 2012 жылдан бастап сыртқы көші-қон сальдосы кері кеткен, алайда Қазақстаннан кететін азаматтардың саны 2009 жылдан бастап тұрақты, дәлірек айтсақ, жылына 30 мыңға жуық адам кетеді (салыстыру үшін айтсақ, 2004 жылы Қазақстаннан 65 530 адам кетсе, 2005 жылы 52 139 адам кеткен).

Бұл деректер «Тенгриньюс» сайтына Статистика комитетінің баспасөз қызметі берген деректермен сай келеді, онда 2016 жылы Қазақстаннан кеткен адамдардың жалпы саны 34 965 адам деп көрсетілген.

Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане» с 2017 по 2022 год. Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy

Factcheck.kz