Суретте алкогольдің миға әсері көрсетілген бе? 

Әлеуметтік желіде алкогольдің миға әсерін көрсеткен сурет тарап жатыр. Суретте екі ми — “алкоголь ішетіндердің” және “ішпейтіндердің миы” бейнеленген-мыс. Snopes кескіндердің шығу тегін анықтап, ақпараттың рас-өтірігін тексерді.

Басылым фотоны бөліскен көп жазбаның мазмұны алкогольге қарсы дейді.  Мысалы, 4,2 миллионнан астам қаралым жинаған X платформасындағы мына пост “алкогольден бас тарту дофаминмен қаныққан миыңызды біржола түзетеді” деген.

Суретте алкогольдің миға әсері көрсетілген бе? 
Сурет X желісіндегі @TheBetterPath_ жазбасынан алынды.

Ал Google-дің іздеу нәтижесіне сүйенсек, сурет алғаш рет 2022 жылы YouTube-тегі “Алкоголь Адам Миына қалай әсер етеді (Ғылым түсіндірді)” атты видеоның бетіне қойылған.

Шын мәнінде, “маскүнемнің миы” — 2008 жылы британдық археологтар тапқан 2600 жыл сақталған мидың фотосы. Scopes сол фотоның Royal Society Interface журналындағы “Ақуыз агрегаттарының түзілуі мыңжылдық миды сақтауға негіз боладымақаласынан алынғанын анықтады. Мақалада ғалымдар ми құрылымының мыңдаған жылдар бойы неге өзгеріссіз сақталғанын зерттеген. Бірақ онда алкогольдің миға әсері туралы мүлдем айтылмайды.

Суретте алкогольдің миға әсері көрсетілген бе? 
Royal Society Interface суреті

Ал, “ішімдік ішпейтін адамның миы” — Adobe Stock және Alamy.com сияқты сайттарда тараған цифрлық бейне. Сол себепті, “алкогольдің миға әсері” бейнеленген кескінді жалған деп айтуға негіз бар.

Журналист

Factcheck.kz