Пентагон Зеленский мен Соростың туыстығы туралы хабарламаған

Әлеуметтік желіде Украина президенті Владимир Зеленскийдің америкалық қаржыгер Джордж Сороспен туыстық байланысы бар деген ақпарат тарады. Желіде тараған жазбаға сай мұны Пентагон (АҚШ қорғаныс министрлігінің бас штабы) хабарлапты-мыс. Reuters фактчекерлері Пентагонның мұндай мәлімдеме жасамағанын анықтады.

Желіде тараған жазбада “Владимир Зеленский – Джордж Соростың туысқан ағасы. Бұл туралы Пентагон өкілі айтты” делінген.

Алайда АҚШ қорғаныс министрлігінің ресми сайтында және желі аккаунттарында мұндай мәлімдеме туралы хабарланбады. Сонымен қатар, Қорғаныс министрі өкілі Reuters агенттігіне электрондық пошта арқылы Петагонның мұндай мәлімдеме таратпағанын айтты.

Сонымен қатар, Reuters агенттігінің фактчекерлері Сорос пен Зеленскийдің туыстық байланысы жайлы дәлел таппады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz