Мадридте шегіртке кейпіндегі Зеленскийдің граффитиі салынған ба?

2023 жылғы наурызда желіде Испания астанасы Мадрид орталығында 3D сурет пайда болғаны туралы ақпарат тарады. Онда ақша жеп отырған шегіртке кейпіндегі Украина президенті Владимир Зеленский бейнеленген деседі. “Проверено” басылымы фактчекерлері фотоны тексеріп көрді.

Бұл сурет Telegram арнасында және бірқатар медиада жарияланды (мұнда, мұнда, мұнда).

Мадридте шегіртке кейпіндегі Зеленскийдің граффитиі салынған ба?
Ақпараттың скрині

Желіге фотоны алғаш өзін Польша суретшілері деп атайтын Typical Optical тобы жүктеген. Сипаттамасына “Мына шегіртке Еуропаның қаржысын жеп болды” деп жазған.

Фотода шынымен-ақ Мадрид орталығындағы жаяу жүргіншілер жолы бейнеленген. Дегенмен фактчекерлер суреттің өңделгенін анықтады. Интернетте граффитидің басқа ракурстан түсірілген бірде-бір фотосы жоқ. Оған қоса сол орталықтағы офистерде жұмыс істейтін қызметкерлердің арасында жүргізілген сауалнама нәтижесіне сәйкес, Зеленскийдің жерге салынған суретін ешкім көрмеген.

Оның үстіне, бұл – Typical Optical тобының Зеленскийді мазақ еткен сегізінші фейк 3D суреті. “Проверено” фактчекерлері бірнеше олардың фотофейкін бірнеше рет анықтады (мұнда және мұнда).

Мадридте шегіртке кейпіндегі Зеленскийдің граффитиі салынған ба?

Осылайша, Мадрид орталығында шегіртке кейпіндегі Зеленскийдің граффитиі жоқ болып шықты.

Factcheck.kz