Қытайдың Тайваньмен соғысуға дайындығы туралы фейк фото тарады

Желіде “Қытай әскерінің Тайваньға шабуыл жасауға дайындалып жатқан” суреті тарады. Ақпарат АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға барғаннан кейін жарияланды. Алайда, AFP хабарынша, фотоның Қытайға еш қатысы жоқ.

2 тамызда жарияланған қытай тіліндегі жазбада “Мыңдаған жылдың бейбітшілігі осы қадамға байланысты болмақ. Егер сендер (Тайвань) соғыспасаңдар — онда қорқақсыңдар” делінген. Үшінші фотода “Қытай әскерінің Тайваньға қалай шабуыл жасай алатыны” көрсетілген. Картада қытайша «Шайқасқа дайынмын» ​​деген мәтін бар.

Қытайдың Тайваньмен соғысуға дайындығы туралы фейк фото тарады
Желіде жарияланған фото | Дереккөз: AFP

Алайда, фактчекерлер фотоның 2017 жылдың 26 сәуірінде Солтүстік Кореяның Rodong Sinmun ресми газетінде жарияланғаны анықталды. Сонымен қатар, суреттер Солтүстік Кореядағы медианы бақылайтын KCNA Watch сайтының мұрағатында салынған.

Төменде Rodong Sinmun жариялаған екі суреттің скриншоты:

Қытайдың Тайваньмен соғысуға дайындығы туралы фейк фото тарады

Бұдан бөлек, осы суреттер CNN және Yonhap агенттігінің 2017 жылғы сәуірдегі әскери жаттығулары туралы есебінде жарияланған.

Екі дереккөзде де «Солтүстік Кореяның мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Солтүстік Кореяның Вонсан қаласында Корей халық армиясының құрылғанына 85 жыл толуын атап өту үшін жауынгерлік атыс өткізілді» делінген.

Контекст  

  • Желіде АҚШ Палата өкілдерінің спикері Нэнси Пэлоси Тайваньға барған тұста оның қытайлық журналистпен түскен суреті жиі талқыланып жатыр. Желі қолданушыларының жазуынша, фотода Пэлоси мен оның «сүйіктісі» әрі қытайлық журналист Ху Сицзин бейнеленген. Алайда Deutsche Welle фактчекерлері фотоның фейк екенін анықтады.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz