Қостанайдағы жалғыз қазақ мектебі расымен жабыла ма?

3 шілде күні tengrinews.kz, sputniknews.kz, nur.kz сайттарында «Қостанайда жалғыз қазақ тілінде білім беретін мектеп жабылуы мүмкін» деген жаңалық жарияланды. Оған дейін, ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің  твиттер парақшасында (дәл осы ақпаратты таратқан, кейіннен “жалғыз” сөзін алып тастаған) 365info.kz сайтының материалымен бөліскен болатын. Қазіргі таңда ол жаңалық сайттан өшірілген.

Қостанайдағы жалғыз қазақ мектебі расымен жабыла ма?
Скриншот Тоқаевтың ресми твиттер парақшасынан алынды

Үкім: Жалған

Қостанай қаласында тек бір ғана емес, қазақ тілінде оқытатын 6 мектеп бар. Одан бөлек 10 мектеп орыс және қазақ тілдерінде білім береді. 

Біз ең бірінші Қостанай қаласы әкімдігінің ресми сайтына кіріп, қазақ мектептердің қанша екенін іздедік, бірақ, нақты қазақ және орыс тілінде білім беретін мектептердің қанша екені көрсетілмеген. Тек тізім ретінде жарияланған. Сондықтан, Қостанай қаласы білім бөлімінің басшысы Айман Ибраеваға сауал жібердік. Жауап екі күннен кейін келді.

ff-конвертирован

Сауалымызға жауап мынадай:

  1. Қостанай қаласының білім беру ұйымдарының желісінде, білім бөліміне ведомстволық бағыныстылыққа сай, 33 жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 2 бастауыш, 5 негізгі және 26 орта мектеп бар.
  2. Қостанайда мемлекеттік тілде 6 мектеп білім береді. Ол — 5 орта, 1 бастауыш, және олардан бөлек, қазақ және орыс тілдерінде оқытатын 10 мектеп бар.

Мектептердің толық тізімі мен білім беретін тілі төмендегі тізімде көрсетілген:

сеть 04.07.2019-конвертирован
Factcheck.kz