Қазақстан азаматтығын қабылдаған спортшыларға қос азаматтыққа рұқсат беріле ме?

Желтоқсанның аяғында отандық спортта дау туды: баспасөз құралдары «Барыс» хоккей клубының ойыншысы Дмитрий Шевченконың Қазақстан азаматтығынан айырылғанын хабарлады. Бұған дейін айтылғандай, спортшы көк паспортты 2017/18 жылғы кезеңде республика құрамасында ойнау үшін алған, сөйте тұра ҚР заңы бойынша Ресей Федерациясы азаматтығынан бас тартпаған. Жаңалық ресейлік баспасөз құралдарында жағымсыз материалдардың жариялануына әсер етті: олар аңду, русофобия, ұлтшылдыққа айыптады. Сонымен қатар спортшылардың қос азаматтығының болуы қалыпты екенін айтқан жанкүйерлер арасында да дау туды. 

Factcheck.kz редакциясы «Ел азаматтығын қабылдаған қазақстандық спортшыларға бірнеше паспорттың иесі болуға рұқсат етіле ме?» деген сұраққа жауап іздеді. 

Үкім: Жалған

Біршама елде көп азаматтыққа рұқсат етілгендіктен, атлеттер туған жерінің паспортынан үнемі бас тарта бермейді. Сондықтан мұндай жағдайларда тек мансапқа қатысы бар «спорттық азаматтық» туралы айтылады. Алайда Қазақстанда бипатризмге тыйым салынған, сондықтан ұлттық құрамада ойнау үшін конституциялық азаматтыққа ие болу керек. Қазақстан «спорттық азаматтық» дегенде «Конституциялық» азаматтықты меңзейді және паспорттың соған сәйкес болуын міндеттейді.

Азаматтық (лат. civitas; ағыл. citizenship) — адамның мемлекетпен тұрақты құқықтық байланысы. Бұл адамның ар-намысын, негізгі құқықтары мен еркіндігін мойындауға негізделген жауапкершіліктер мен міндеттердің өзара құқық жиынтығын білдіреді. Бұл байланыс мемлекет пен оның азаматтарының арасындағы қарым-қатынастарында байқалады: мемлекет азаматтың заңды құқықтары мен мүдделеріне кепілдік береді, оны шетелде қорғайды және қамқор болады, ал азамат сол елдің заңдарын орындауға міндеттеледі, соның ішінде өзіне жүктелген міндеттерді де атқарады. Азаматтықтың болуы азаматтың жария-құқықтық статусын сипаттайды. Бұл шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайына сай келмейді. 

«Спорттық азаматтық» — спортшының белгілі бір елмен құқықтық байланысын, спорттық-кәсіби қарым-қатынасын анықтайтын термин. Ол спортшының халықаралық ресми жарыстарда ұлттық құрама командада болуына, ұлттық жарыстарға қатысу құқығына мүмкіндік береді. Бұл мәселе екі жақтан реттеледі: бірі азаматтық туралы ұлттық заң болса, екіншісі халықаралық спорт федерацияларының локальді актілері. 

Толығырақ

Желтоқсанда Шайба.kz порталында «Барыс» шабуылшысы Дмитрий Шевченконың «Қазақстан азаматтығынан айырылғаны» туралы жаңалық шықты. Астана қаласы полиция департаментінің миграциялық қызмет басқармасы «жанашыр жанкүйерлердің» өтінішімен Шевченконы тексерген. Жанкүйерлердің спортшының қос азаматтығы барына дәлел де келтіргені айтылады. Оқиғаға ресейлік баспасөз құралдары (1234) реакция танытып, олардың әрекетін русофобия және ұлтшылдық деп атады. Басылымдар біршама шетел ойыншысының паспорттан бас тартпағанын, бірақ олардың санкцияға ұшырамағанын жазған (мәлімдеме расталған жоқ — ред.). Әлеуметтік желіде Шевченконың «спорттық азаматтығы» болуы мүмкін екенін жазғандар болды. 5 қаңтарда Қазақстан хоккей федерациясы өкілдері де солай деді

Желідегі ақпарат бойынша (12), «Барыс» ойыншысы Дмитрий Шевченко Қазақстан паспортын 2017/18 жылдары алған. Бұл жерде шетелдік спортшылардың легионер және азаматтық қабылдаған спортшылар деген екі категорияға жататынын айта кету керек. Легионер — басқа (әдетте шетелдік) командада ойнайтын ойыншы. «Команда» сөзі 1998 жылғы сөздікте қолданылады, алайда қазіргі спортта «легионер» термині ұлттық құрама емес, клуб ойыншыларына қатысты қолданылады. Қазақстан Республикасының хоккейшілер статусы туралы ережеде легионер басқа Ұлттық федерацияның спорттық азаматтығы бар, хоккейден Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасында ойнай алмайтын хоккейші ретінде сипатталған. 

Азаматтық қабылдаған спортшылар — қабылдаған елдің ұлттық құрамасының өкілі болу үшін азаматтығын өзгерткен спортшылар. Шевченко Қазақстан құрамасында ойнауды шешкендіктен, жалпылама сипаттағы азаматтық қабылдау процедурасынан өтуге тиіс еді. Ұлттық құрамаларға өту шарттары әр елде әр спорт түріне бөлек жазылады. Қазақстанның хоккей командасы үшін бұл Қазақстан Республикасының хоккейшінің статусы туралы ережеде белгіленеді. Дмитрий Шевченконың турнирлік статистикасы бойынша, Ресей құрамасында болмаған, сондықтан оның жағдайында Ереженің 1-бөлімі, 54-бабы орынды. 

ХХФ (Халықаралық хоккей федерациясы — ред.) ресми жарыстарында қандай да бір Ұлттық құрама командасында болмаған хоккейші (ер адам):

  1. Сол елдің азаматтығын қабылдап, ҰФ ұсынатын құзыретке сай болуы керек;
  2. А) Таңдаған елдің жарыстарына кейінгі алпыс ай (480 күн) бойы қатысқанын; Б) он жылдықтан соң екі хоккей кезеңінде кейінгі он алты ай бойы таңдалған елдің жарыстарына қатысқанын; В) таңдалған елде осы кезең аралығында тұрғанын; Г) осы уақыт аралығында басқа мемлекетте тіркелген немесе орналасқан хоккей командасына өтпегенін және ойнамағанын дәлелдеуі керек; Д) таңдалған ел Хоккейші өткен мемлекет болса, ХХФ бекіткен «спорттық азаматтық» алуға өтініш жазған күнге дейін кемінде он алты айға (480 күн) халықаралық трансфері болуға тиіс. 

Көріп отырғанымыздай, «спорттық азаматтық» алудың бірінші шарты сол елдің (бұл жағдайда— Қазақстанның)  «конституциялық азаматтығын» қабылдау, сәйкесінше басқа елдің азаматтығынан бас тарту болып тұр. Бір қызығы, Ресей, Беларусь пен Қырғызстан азаматтарына келгенде жағдай өзгеше. Мысалы, Ресей азаматының Қазақстан құрамасына өтуі алдымен РФ паспортынан бас тартуды көздемейді. Ресейліктер Қазақстанның жеке куәлігін немесе тұруға ықтиярхат алған соң құжатын тапсыруы тиіс. ҚР Конституциясының 3б 10-бабы бойынша және «ҚР азаматтығы» туралы заңның 3-бабы бойынша Қазақстан Республикасы азаматының екінші азаматтығы мойындалмайды. Шевченко бұл талапты елемей, санкцияға ұшыраған көрінеді.

Жағымсыз оқиғаға Мәскеуде өткен «Бірінші канал кубогында» болған оқиға триггер болған сияқты. Іс-шара ұйымдастырушылары Шевченконы турнирлік кестеде РФ азаматы деп көрсеткен. Кейін ҚХФ турнирдің жолдастық сипатта өткенін, сондықтан құжат тексеру қарастырылмағанын айтты. Бірақ жанкүйерлер Дмитрий Шевченконың әлем турнирлерінде Қазақстан атынан шығатынын, қос азаматтыққа жол берілмейтінін білген. Десе де, Шевченконың азаматтықтан айырылуы мәселесінде қарама-қайшылықтар да бар. Хоккей құрамасының Ресей азаматы деп көрсетілген басқа төрт ойыншысына қатысты шағым түспегенге ұқсайды. 

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz