“Иттер мен мұсылмандар кірмесін!”: Майк Тайсон, Баду Джек пен Абдалла

Лос-Анджелестегі кафе иесі туралы видео әлеуметтік желіде жиі таралып жатыр. Видео мәтінінде кафе иесінің есік алдына “мұсылмандар мен иттерді кіргізбейтінін жазғаны” айтылған. Видео ғаламторда тез тараған соң, біз бұл ақпараттың қаншалықты рас екенін тексердік.

Лос-Анджелес орталығындағы кофехананың иесі есігінде: “иттер мен мұсылмандар кіргіздірілмейді” деп жазды. Бұл жағдай туралы бокстан экс-чемпион Майк Тайсон, қазіргі әлем чемпионы швед Бадо Джек және әлем чемпионы палестиналық Аамер Абдулла біліп, осы дүкенге кірді. Кофе дүкенінің иесі мен қызметкерлері олардың намаз оқығандарына қорлықпен қарап отыр. Дүкен иесі бір сөз айтуға шамасы келмеді.

Желіде таралған мәтіннен
https://www.youtube.com/watch?v=SGoRK1tkfvg

Үкім: Фейк

Бұл видеода Баду Джек пен Майк Тайсонның артында бейнеленген логотип Tyson Ranch дегенді білдіреді. Бұл компанияның негізгі иесі — Майк Тайсон. Яғни, Майк Тайсон видеодағы кафенің иесі. Желідегі оқиға толығымен ойдан шығарылған және адамдар сену үшін Тайсон, Джек және Абдалланың намаз оқыған видеосын (Тайсон мекемесінде расымен намаз оқыған) жүктеген.

Тайсон компаниясы негізінен каннабис өнімдерін сатады. Tyson Ranch 2018 жылдың 1 қаңтарында ашылды. Сол күні Калифорния штатында марихуанаға заң бойынша рұқсат етілген еді.

Швед боксшысы Джек Баду, Майк Тайсон және кикбоксер Амер Абдалланың намаз оқыған видеосының толық нұсқасын 23 тамызда Мейвезер каналында жүктелді.

Фейкті кім таратты?

Біздің мәліметімізше, дәл осындай мәтіні бар фейк алғаш рет 20 қазанда abba_zacks туиттер пайдаланушысы жариялаған. Қазіргі уақытта бұл видеоны 26 мыңға жуық адам қарап, 2000-ға жуық адам лайк басылған.

https://twitter.com/abba_zacks/status/1318420605004402689

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz