Фейк | Рен ТВ: АҚШ-тағы танымал қару-жарақ блогының авторы оқ тиіп мерт болды

Рейсейлік «Рен ТВ» арнасы танымал америкалық қару-жарақ блоггері Мэтт Каррикердің қайтыс болғаны туралы мәлімдеді. Америкалық азаматтың 16 наурыз күні «Әскери құпия» бағдарламасының эфирінде бронежилетті сынақтан өткізу кезінде қайтыс болғаны хабарланды (2:15:00); кадр сыртындағы мәтінде «Разрушительное ранчо» (Demolition Ranch) Youtube-арнасының авторы бар видеокадрлар көрсетіліп жатты.

Қалай хабарлады?

Ресей телеарнасы америкалық блоггерді «Их нравы» айдарында , «америкалықтар үшін бронежилеттерді тексеру нағыз ұлттық ермекке айналды» деген нақыл сөзбен «жерледі». Бағдарлама авторлары бірнеше америкалық энтузиастармен бірге қорғаныс амунициясын өздері киіп, сынақтан өткізетін үш видео-эпизодтан кейін қайғылы оқиғаны жеткізді.

«Бәрінің бұлай жолы бола бермейді: Бір ай бұрын аризоналық мына азамат қызық үшін досымен бірге бронежилетті сынақтан өткізбекші болып қайтыс болды», – дейді кадр сыртындағы дауыс. Одан бөлек Мэтт Каррикердің влогындағы кадрлар қоса беріліп, аты аталмайды. Бағдарлама авторлары видеоны қайдан алғандарын айтпады.

Монтаждалған видеодан кейін қайғылы оқиға туралы жаңалықтар сюжетінен алынған әлдебір«қайтыс болған америкалықтың құрбысы» сөйлейді. Онда «қайтыс болған азаматтың» суреті жарияланады, оның Мэтт Каррикерге ешқандай қатысы жоқ.

Үкім: Фейк

Ресей журналистері пайдаланған сюжеттің түпнұсқасында бронежелетті сынақтан өткізу кезінде шынында америкалық азамат қайтыс болғаны айтылады. Бірақ Аризонада тұрған Паркер Рэй Линч есімді мүлдем басқа адам. Ашық дереккөздерден алынған мәліметке сенсек, Каррикердің туған жері Техас штаты.

YouTube арнасында 6,5 мллионнан көп жазылушысы бар Каррикердің амандығын әлеуметтік желілердегі белсенділігі арқылы анықтауға болады: Instagram-ға өзінің қатысуы бар видеоны соңғы рет үш күн бұрын, яғни ресей телеарнасы таратқан ақпараттан 10 күннен кейін жүктеген.

«Разрушительное ранчодағы» соңғы видеоролик 27 наурыз күні жарияланған, осыдан Мэтт Каррикер тірі және түсірілімдерге белсенді түрде қатысып жүр деген қорытындыға келеміз.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz