Фактчек | Сұлтанов: Республикадағы ең қауіпсіз жолдар Астанада

9 қаңтар күні әкімдіктің аппараттық кеңесінде сөз сөйлеген Бақыт
Сұлтанов Астанадағы жолдардың қауіпсіздігіне қатысты бірнеше мәлімдеме
жасады. Әкімнің сөзіне сенсек, қазіргі кезде республикадағы ең қауіпсіз
жолдар Астанада. Сонымен қатар Сұлтанов мырза 2018 жылғы жол-көлік
оқиғаларының бірнеше көрсеткіштерін қорытындылады.

«Елімізде алғаш рет жүзеге асырылған «Сергек» видеобақылау МЖӘ
жобасының арқасында Астана қаласындағы жолдар республикадағы ең қауіпсіз жолға айналды…»

Үкім: Шындық және манипуляция

Астанада болған жол-көлік апаттарының кесірінен республика
бойынша ең аз адам, яғни 30 адам ғана қайтыс болған. Осы мәліметке
сүйеніп Астана жолдары 2018 жылы қауіпсіз болды деп айтуымызға болады.
Дегенмен, жол-көлік оқиғасы (459 оқиға) мен жол-көлік оқиғасынан зардап
шеккендер (487 адам) санын ескеріп қауіпсіз қалалардың қатарына жатқыза
алмаймыз.

«Өлім саны екі есе азайды – 48%».

Үкім: Шындық

2017 жылы қайтыс болған адамдар саны -58, 2018 жылы – 30.

«Жол-көлік оқиғасы 15%-ға, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер 16%-ға азайды».

Үкім: Шындық

2017 жылы болған жол-көлік оқиғасы – 537, ал 2018 жылы – 459. Жол-
көлік оқиғасынан зардап шеккендер саны 2017 жылы 579 адам болса, 2018
жылы 487 адам болған. 2017-2018 жж. 11 ай ішінде жол-көлік оқиғасы мен жол-көлік
оқиғасынан зардап шеккендер саны.

ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті деректері

Журналист Factcheck.kz

Factcheck.kz