Фактчек | Қазақстан мемлекетінің негізін қалаған кім?

23 наурыз күні Bnews.kz сайтында астананың атын өзгертуге байланысты ҚР Премьер-министрінің айтқан пікірі жарияланды. Асқар Маминнің сайтта жарияланған сөзін аударып берсек: «…сол себепті тарих сахнасында мемлекетіміздің және оның жаңа астанасының негізін қалаған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екенін таныту біздің өскелең ұрпақ алдындағы парызымыз», делінген.

Отставка Назарбаева
Bnews.kz сайтынан скрин

20 наурыз күні Снобта ресейлік саясаттанушы Станислав Белковскийдің Нұрсұлтан Назарбаевтың қорытынды сөзіне психоанализ (!) тұрғысынан жасамақ болған сараптамасы жарияланды. Белковскийдің айтуынша, «Бұл (қазақстандық – авт.) мемлекеттіліктің атасы – Иосиф Сталин. Ол 1936 жылы Қазақ АССР-ынан (РСФСР құрамында) ҚазССР құрды…»

Назарбаев
со Snob.ru сайтынан скрин

Біз мемлекет өзінің құрылғаны үшін кімге қарыздар екенін білу үшін тарихты ақтарып көрдік. Түрлі пікірталастар мен кей жерлерде нақтылық болмаса да тарих ғылымы бәрібір ғылым екенін естеріңізге салып өтейік. Сонымен қатар қазақстандықтар үшін ұқсастық пен өзіндік сана-сезім әлі де маңызды.

“Мемлекеттің негізін қалаушы – Нұрсұлтан Назарбаев”

Үкім: Жалған

Конституция бойынша Н.Ә.Назарбаев – Тұңғыш Президент және Елбасы (ҚР 2000 жыл 20 шілдесіндегі N83-II конституциялық заңы). Республиканың заңды дәрежесін тәуелсіз мемлекет деп бекіткен «Қазақстан Республикасының мемелекеттік тәуелсіздігі» туралы заңды 1991 жылы 16 желтоқсанда сол кездегі Жоғарғы Кеңес қабылдады. Содан бірнеше күн бұрын 10 желтоқсанда ұлықтау рәсімінен кейін президент Қазақ ССР-ын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заңға қол қойды. Бірақ мұның бәрі Қазақстанның жаңа тарихына қатысты істер. Оқулықтардан білетініміздей, бұрын бізде хандық мемлекет болған. Сонда біз 2015 жылдың қыркүйегінде «көп шығынсыз және сапалы түрде» нені тойладық?

Фактчек | Қазақстан мемлекетінің негізін қалаған кім?

Мемлекеттіліктің атасы – Сталин

Үкім: Жалған

Жоғарыдағы қазақ хандығының 550 жылдығы туралы ақпарат пен төмендегі оқу құралдарынан алынған текстті көріңіз.

Хандық кезең мемлекеттің құрылу тарихына ене ме? Жауап белгілі. Дефиниция көрсеткендей, хандық – хан басқаратын ел. Тіпті былай: «Хандық – түркі халықтарының көптеген мемлекеттерінің атауы» (Брокгауз және Ефрон).

Тарихи контекст

Жоғарыда айтылғанның барлығы онсыз да белгілі дүние боп көрінгенімен, әсіресе ньюс-мейкерлер айтып жүрген еркін тарихи түсініктемелер тарихи сабақтастық пен ұзақмерзімді тарихи процесстерді дұрыс қабылдау үшін деконструкцияны қажет етеді. Сонымен, Қазақстан тарихы оқулығында тақырыпқа байланысты не бар: 4-басылым, өзгертілген және толықтырылған. – Алматы, 2011., ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғарғы оқу орындарына оқулық ретінде ұсынған, автор Ким Г.В.:

Президент Казахстана

Ары қарай:

Назарбаев и Токаев

7 сынып оқулығындағы мәлімет

Ортағасырдағы Қазақстан тарихы:

Токаев и Назарбаев

Көріп отырғанымыздай, оқушыларға арналған оқулықтардағы мәлімет бірдей. Мемлекеттіліктің, тіпті «тәуелсіз ұлттың» бастауында Керей мен Жәнібек сұлтандар тұр.

Айтпақшы, жақында болған Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Н.Назарбаевтың түсіндірмесіне (ол кезде бабаларымыздың ұлы істерін жалғастырушымыз деген болатын) қатысты болған ішкі саяси пікірталаспен мына жерден таныса аласыз.

Жәнібек пен Керей хандардың ескерткіші Астанада жақында пайда болды және дауға ұласқан. Біздің білуімізше, Алматыда бұл мемлекет қайраткерлеріне ешқандай ескерткіш қойылмаған.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz