Egov.kz сайтына кірсең, есепшоттар бұғаттала ма? Таралманы тексереміз.

WhatsApp желісінде «Police_pvl» атынан келген SMS хабарламаның скриншоты тарады. Суретте «бұл хатты алаяқтар жіберіп отыр» деп жазылған. Аудиохабарламадағы ақпаратқа сай, «egov.kz сайтына кірсең, барлық шотың бұғатталады-мыс».

Ақпарат қаншалықты рас екенін Factcheck.kz тексерді.

Egov.kz сайтына кірсең, есепшоттар бұғаттала ма? Таралманы тексереміз.
Желіде тараған хабарлама 

Сәлемәлейкүм. Бұл алаяқтар. Алаяқтар жұмыс істеп жатыр. Смс-те “Полиция ПВЛ” деп жазылып тұр. Сілтемеге өтпеңіздер, әйтпесе бүкіл шот бірден бұғатталып қалады. Бәріне хабарлаңдар. Фейк емес бұл, шындық. Кірмесін. “Айыппұл келіп тұр, қарау үшін сайтқа кіріңіз” деп тұрады. Полиция ПВЛ-ден кімде-кімге хабарлама келсе, бұл алаяқтар екенін ұмытпаңыз. 1414-тен келуі керек. Міне, адамдар келіп, айтып жатыр солай.

WhatsApp желісінде тараған ақпарат 

Үкім: Фейк

Павлодар полиция департаментінің баспасөз қызметі Factcheck.kz редакциясына 2022 жылдың 2 қарашасында «Police_pvl» абонентінен жүйедегі ақауға байланысты айыппұлдың бар екендігі туралы қате SMS хабарлама жіберілгенін хабарлады. Айыппұл туралы ақпарат ҚР БП деректер қорына енгізіледі. Оны «egov.kz» электронды үкімет порталында, «qamqor.gov», «erap-publik.kgp.kz» сайттары мен “Kaspi.kz” қосымшасында онлайн қарауға және төлеуге болады. Жүйеде 7 күн ішінде айыппұл сомасы 50% мөлшерінде көрсетіледі, егер көрсетілген уақыттан кейін айыппұл төленбей қалса, автоматты түрде толық есепшот алынады. Ал егер азаматта айыппұл болмаса, ештеңе де бұғатталмайды.

Павлодар полиция департаментінің хабарынша, әкімшілік іс жүргізу аясында 1414 абонентінен және «Police_pvl» абонентінен әкімшілік айыппұлдың бар екендігі туралы SMS хабарлама жіберіледі.

Оқи отырыңыз:

WhatsApp мессенжерінде «балаларға мектеп, дүкен, көшелерде белгісіз біреулер есірткі қосылған конфет таратып жатыр <…> оның әсерінен балалар уланып, ауруханаға түсіп, қайтыс болып жатыр» делінген аудиохабарлама тарады. Ішкі істер мининстрлігінің баспасөз қызметі Factcheck.kz редакциясына бұл ақпараттың тексерілгенін және оның фейк екенін хабарлады.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz