Джо Байден Варшавада Украина туының үстінен жүргені рас па? 

2023 жылғы 21 ақпанда Польшаға сапары кезінде АҚШ президенті Джо Байден Варшавада сөз сөйледі. Соның алдында Киевте болған президенттің сөзі Ресейдің Украинаға басқыншылығына арналды. Америка лидері Варшавадағы Америка, Польша, Украина туы ілінген Патша сарайы алдында мәлімдеме жасады. Кей фотодан микрофондар тұрған трибунаға апаратын жолдың Украина туына ұқсас сары-көк түсті екенін байқауға болады. Осыған орай 22 ақпанда баспасөз құралдары мен әлеуметтік желілерде (123456) Джо Байден Украина туын аяққа басып, тіпті, «таптап өтті» деген хабарламалар тарады.

Джо Байден Варшавада Украина туының үстінен жүргені рас па? 
АҚШ президентінің Украина туының үстінде жүріп өткені туралы мәлімдемелерді растау үшін БАҚ пен блогерлер пайдаланатын поляк телеарнасының тікелей трансляциясы

Оқырмандардың өтініші бойынша Factcheck.kz редакциясы мұның рас-өтірігін тексеріп көрді. 

Үкім: Жалған

Джо Байден трибунаға  өткен сәтінде түсірілген фотолар мен видеоларда жолдың толығымен сары жолақсыз қою көк түсті екені байқалады. Сәйкесінше, АҚШ президенті де, Патша сарайы алдындағы трибунада сөз сөйлеген басқа саясаткерлер де Украина мемлекеттік рәмізін аяққа баспаған.

  • Джо Байден Варшавада Украина туының үстінен жүргені рас па? 
  • Джо Байден Варшавада Украина туының үстінен жүргені рас па? 
  • Джо Байден Варшавада Украина туының үстінен жүргені рас па? 
  • Джо Байден Варшавада Украина туының үстінен жүргені рас па? 

Сол күні ертерек түсірілген фотолардан трибунаға баратын жолдағы жабындының түсі Украина туына қарағанда өзгеше екені байқалады. Сары-көк түсті материалдың ресми шара басталмай тұрып декор ретінде пайдаланылғанын болжауға болады. Бұл алаң периметріндегі биік жерде орналасқан камералардан жақсы көрініп, жалпы стилистика мен ісшара тақырыбын көрсетіп тұрған. Кейін материалды жолдан алып тастаған, ал спикерлер трибунаға кілем төселген жолмен өткен. Мұны ісшарада түсірілген видеоматериалдан көруге болады. 

Источник: YouTube канал The Telegraph

лингвистка, фактчекерка

Factcheck.kz