AFP: Ресей мен Украина туын жамылған жұптың суреті соғысқа дейін түсірілген

Ресей Украинаға басып кіргелі желіде Ресей мен Украина туын жамылған жұптың суреті жиі тарады. Желі қолданушылары суретті “Соғыс кезіндегі махаббат”, “Сүйіспеншілік пен бейбітшілік соғысты жеңеді деп сенейік” деп сипаттаған. Дегенмен AFP фактчекерлері суреттің соғысқа дейін түсірілгенін анықтады.

Зерттеушілер TinEye сайтынының сурет іздеу функциясы арқылы The Washington Post сайтында 2019 жылдың 4 желтоқсанында жарияланған фотоны тапқан. Фотода ресейлік Юлиана Кузнецова мен оның украиналық күйеуі бейнеленген.

AFP: Ресей мен Украина туын жамылған жұптың суреті соғысқа дейін түсірілген
AFP зерттеуінен скриншот

Сурет 2019 жылы 27 қарашада Польша астанасы Варшавада өткен беларусь рэпері Макс Корждың концертінде түсірілген. Осылайша, сурет Ресей-Украина соғысы кезінде түсірілген деген ақпарат — жалған.

Контекст

Әлеуметтік желіде тікұшақтардың әскери брондалған көліктерді әуеге көтергені бейнеленген видео тарады. Видеоның бенгал тіліндегі сипаттамасында «Ресейдің Украинадағы әскери базаға шабуылы бейнеленген» деп жазылған. AFP агенттігі бұл ақпаратты терістеді.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz