Зомби-фейк | Allianz Arena футбол алаңының орнына мешіт салынады

WhatsApp мессенджерінде “Бавария Мюнхен” футбол клубы Allianz Arena стадионының орнына мешіт салатыны жайында ақпарат тарап кетті. Хабарламада мұндай өтінішті команда футболшысы Франк Рибери жасаған және мешіттің құрылысына кететін шығынның 85%-ын клуб басшылығы өз мойнына алған делінген.

Мұндай мәліметті көбіне Ресейдің діни сайттарынан кездестіруге болады. Бұл жалған ақпарат ең алғаш 2013 жылы жарық көрген.

Үкім: Жалған 

Тарап кеткен видео YouTube-та бар. Кейбір мәліметтерді YouTube Data Viewer жүйесі арқылы таптық. Кейінірек видеодағы ғимарат Кельн қаласындағы орталық мешіт екені анықталды.

Мешіт 4 мың адамға арналған және 4500 шаршы метр аумақты алып жатыр. Кешенде ресторан, құлшылық жасайтын бөлме, кітапхана және ислам мәдени орталығы бар. Жобаға түрік дін істері мемлекеттік басқару филиалы демеушілік жасап, әртүрлі мұсылман ұйымдары садақадан жиналған ақшасы мен банктегі есепшоттары арқылы қаржылық қолдау көрсеткен.

Мешіттің құрылысына “Бавария Мюнхен” футбол клубының еш қатысы жоқ. Жалған ақпаратты таратушылар 2006 жылы Франк Риберидің ислам дінін қабылдағанын алға тартып манипулиция жасап отыр.

Дата-журналист, медиа-тренер. Изучаю журналистику и государственную политику. Целью в профессиональной деятельности является развитие казахстанского общества посредством борьбы против распространения ложной информации в период инфодемии и не только.

Factcheck.kz