Жалған | Сайлау кезінде мемлекеттік қызметкерлер кімге дауыс бергендігі жайында есеп беру керек

“Қазақстанның кейбір аудан, ауыл тіпті қалаларында жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметкерлер сайлау күні кімге дауыс беретіндігі жайында есеп беру керек” деген және осыған ұқсас ақпарат WhatsApp-та кеңінен таралып жүр. Соның бір дәлелі мына бір хабарлама:

Жалған | Сайлау кезінде мемлекеттік қызметкерлер кімге дауыс бергендігі жайында есеп беру керек
WhatsApp-та тараған ақпарат

Үкім: Жалған

ҚР Сайлау туралы заңының 3-бабы 3-тармағында кез келген ҚР азаматы сайлауға еркін түрде қатыса алады. Толығырақ:  

“Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ”.

Жалған | Сайлау кезінде мемлекеттік қызметкерлер кімге дауыс бергендігі жайында есеп беру керек
ҚР Сайлау туралы заңы, 3-бап 3-тармағы

Заңға қарайтын болсақ, кез келген сайлауға қатысатын азамат ерікті түрде таңдаған кандидатына дауыс бере алады әрі аты-жөнін, ЖСН номерін, сайлау учаскесін және мекен-жайын біреуге жіберіп, есеп беруге міндетті емес. Егер де жоғарғы тараптан қандай да бір мәжбүрліктер немесе кедергілер туындап жатса ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 118-бабына сәйкес жазаланатынын ескертуі қажет. Толығырақ:

“Жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы қызметiне байланысты олардың жазбаша келiсiмiнсiз қызметтер көрсетуi – жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады”.

Жалған | Сайлау кезінде мемлекеттік қызметкерлер кімге дауыс бергендігі жайында есеп беру керек
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңы, 118-бап

Сайлауға қатысатын азаматтың ерікті түрде дауыс беру құқығына кедергі келтіру (оның ішіне мәжбүрлеу, дауыс бергеннен кейін аты-жөнін, ЖСН номерін, сайлау учаскесін және мекен-жайын біреуге жіберіп, есеп беру де кіреді) жеке тұлғаларға 20 АЕК айыппұл салынады. Және де басқа бір сайлаушының немесе келмей қалған адамның атынан дауыс беру ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 121-бабына сәйкес 20 АЕК айыппұл салынады. Заңгер Ғабдул-Ғани Әбутәліп былай дейді:

“Бұл жерде түсінетініміз жаңағы сайлауға түсіп жатқан кандидаттың немесе партиясының атынан жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалар жазбаша келісім жасамай тұрып, сізге келіп мына кандидатқа дауыс бер деп айтуға әрі мәжбүрлеуге ешкімнің құқығы жоқ. Сізге келіп мына кандидатқа дауыс бер деп айтатын болса ең алдымен, сіз сол кандидат пен сізге келіп тұрған тұлғаның арасындағы жазбаша келісімді талап етуіңізге құқығыңыз бар. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 121-бабында сайлау басталғаннан кейін берілген дауыстарды санаушылар тарапынан өзгеріс еңгізуге, алып тастауға, жоюға немесе көбейтуге, яғни келмеген адамдардың атынан дауыс беруге ешкімнің құқығы жоқ”.

Сонымен қатар…

Кез келген ҚР азаматы тек бір рет дауыс бере алады әрі басқа сайлаушының атынан дауыс беруге құқығы жоқ. Бұл ҚР Сайлау туралы заңының 5-бабы 1-тармағында анықтап жазылған. Егер де осы жағдай орын алып жатса, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 108-бабына сәйкес төмендегідей жаза қолданылады:

“Тең сайлау құқығы туралы талапты екi немесе одан да көп рет немесе басқа сайлаушы үшiн дауыс беру арқылы бұзу – жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады”.

Жалған | Сайлау кезінде мемлекеттік қызметкерлер кімге дауыс бергендігі жайында есеп беру керек
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңы, 108-бап

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz