Фактчек | Ұлы тұлғалар Сталин туралы бүй депті…

Әлеуметтік желілерден, ақпараттық ресурстардан, тіпті қазіргі заман авторларының кітаптарынан Сталин туралы ұлы тұлғалардың бір-біріне ұқсас, кейде бірдей пікірлерін кездестіруге болады. Олар көбіне «Ұлы адамдар Сталин туралы» немесе «Атақты замандастары Сталин туралы» деген тақырыпшалармен беріледі. Іздеу жүйелеріне дәл осылай жазсаңыз, бірнеше пікірді табуға болады. Әсіресе, орыс тілінде іздесеңіз, көбірек ақпарат табасыз. Көбіне тарихи күндер қарсаңында әлеуметтік желілердегі пабликтер Сталин туралы айтылған сан-алуан пікірлерге лық толып кетеді. Дәйексөздер жаппай таралады, кейде мұндай ақпаратпен танымал және ел алдында жүрген азаматтар да бөлісіп жатады.

Высказывания о Сталине, фактчек

Высказывания о Сталине, фактчек
Facebook желісіндегі музыкант және тележүргізішінің жазбасының скрині. Жазбамен 85 қолданушы бөліскен, 185 лайк жинаған, тіпті 28 адам «жүрекшені» басқан.

Біз дәйексөздердің рас-өтірігін бірінен кейін бірін тексеріп көрейік дедік. Орфография мен пунктуация сол күйінше берілген. Сонымен, нәтижеге бірге қарайық:

Роже Гароди

Фактчек | Ұлы тұлғалар Сталин туралы бүй депті...

«1931 жылы 4 ақпанда Сталин: «Біз алдыңғы қатарлы елдерден 50-100 жыл артта қалдық, біз бұл қашықтықты ОН жылда артқа тастауымыз керек. Не біз оған жетеміз, не бізді сындырады (… ) Ары кеткенде ОН жыл…»

«…Ол дұрыс айтты. Он жыл, демек 1941 жыл. Егер де ол сол уақытта, адамзат көзімен қарағанда сұрауы өте қымбат болған, адам нанғысыз күш салмағанда, біз қазір Освенцим дәуірінде өмір сүрер едік…»

Роже Гароди (француз ғалымы, жазушы және қоғам қайраткері)

Үкім: Шындық

Великие о Сталине, фактчек
газет сайтында жарияланған сұхбат скрині

Расымен де, француз тойтарысының қайраткері, коммунист, кейін христиан, одан кейін мұсылман, ұлтшылардың әртүрлі этникалық және әлеуметтік топтарды жаппай қырып-жоюы мен қудалауын жоққа шығарған, ерекше тағдыр иесі «Завтра» газетінің 1998 жылы жарыққа шыққан 8-нөмеріне шыққан сұхбатта дәл осылай деген екен.

Газетті 1993 жылдан бері өзінің радикалды көзқарастарымен танымал болған жазушы Александр Проханов шығарады. Марқұм Роже Гародимен сұхбатты бельгиялық коммунист Люк Мишель жүргізген екен.

Шарль де Голль

«Сталиннің беделі тек Ресейде ғана мықты болған жоқ. Ол дұшпандарын өзінің «ырқына көндіре» алатын, жеңіліс тапқанда еш дүрлікпейтін және жеңіске жеткенде де масаттанбайтын. Ал оның жеңіске жеткен сәттері жеңілістерінен көп. Сталин тұсындағы Ресей монархиямен бірге күйреген бұрынғы Ресей емес. Алайда сталиндік мемлекет Сталинге лайықты мұрагерсіз…»

Әскери мемуарлар. Кітап II. М., 1960, б. 235–236, 239, 430.

Үкім: Жалған

Шарль де Голльдің 1960 жылы Мәскеуге басылып шыққан әскери мемуарларының екінші томында мұндай ақпар жоқ. Көрсетілген беттерде де бұлай жазылмаған. Сталин туралы айтылған, бірақ оның аты тіпті басқа мазмұнда және басқа себептермен аталған.

Мифы про Сталина

Сталин и де Голль

де Голль и Сталин

Жалпы, де Голльдің мемуарлары құжаттардың (телеграмма, хаттар) жинағынан тұрады. Сонымен қатар, нақты бір әскери-саяси оқиғамен байланысты естеліктер де қосылған. Олар көркемделмей әскери адамның іскери тілімен жазылған. Бұл цитатаның шығу тегі қандай? Мәселен, 2013 жылы мәскеулік «Белый город» баспасында шыққан «Сталин. Эпоха свершений и побед» кітабында да бұл пікір берілген.

де Голль и Сталин

Көріп тұрғандарыңыздай, де Голльмен болған сұхбаттың нақты қайда жарияланғанына сілтеме берілмеген. Бұл пікірді француз тіліне аударып, іздеу жүйелерінен қарағанда да нақты ешқандай дереккөз шықпады. Демек, қайдан шыққаны беймәлім дәйексөздің Шарль де Голльдің естеліктеріне қалайша және қашан жатқызылғаны тарихтың тағы да біз білмейтін бір құпиясы болса керек.

Митрополит Иоанн Санкт-Петербургский

«Сталинді бізге Құдайдың өзі жіберген. Ол қанша құлатса да, толықтай құлата алмайтын держава жасады… Демек, Сталинді расымен де ерекше адам деуге болады. Құдай берген, құдай сақтаған…»

Митрополит Иоанн Санкт-Петербургский

Үкім: Жалған

Дәл осы дәйексөзді кейде әулие Лука, кейде Алексия айтқан деп беріледі. Бірақ, мұны айтқан – Протоиерей Димитрий Дудко. Бұл үзінді «Сталин: в воспоминаниях современников и документах эпохи» кітабынан алынған (құрастырушысы М. Лобанов. М., 1995.).

Мифы про Сталина

Құдай жолында жүрген адамдардың бірінің айтқан сөзін біріне таңудың да себебі беймәлім. Бұл да – тарихтың тағы да бір жұмбағы. Фактчекинг «Ерікті тарихи қоғам» сайтында жарияланған зерттеуге сілтеме беріп Дудконың әулие Луканың атынан беріліп жүрген өзге фразасына қатысты материал жазды.

Адольф Гитлер

«Кеңес халқының күші оның санында немесе ұйымдасқандығында емес, И.Сталин секілді тұлғаны дүниеге алып келгендігінде. Өзінің әскери және саяси қабілеті жағынан ол Черчилльді де, Рузвельтті де басып озады. Ол – құрметке лайық әлемдегі жалғыз саясаткер. Біздің міндетіміз – Сталиннің масштабындағы адамдар шықпас үшін кеңес халқын жік-жікке бөліп тастау». Адольф Гитлер

Үкім: Жалған

Расымен де бұл фраза жиі айтылып та, жазылып та жүр. «Застольные беседы Гитлера» және «Застольные разговоры Гитлера» деген кітаптарда да кездеседі деген пікір де бар. Бұл дәйексөз «Полководец Сталин» кітабының 126-бетінде дереккөзіне түпнұсқаға сілтеме беріліп көрсетілген. Шынымен де, Генри Пикер (Хью Тревор-Роупердің нұсқасында да солай) стенографияға түсірген дастархан басындағы әңгімелерде Сталиннің есімі жиі аталады. Гитлер бір-екі мәрте оны «данышпан», «кемеңгер» дейді, тіпті «шие бөрі Черчилльмен салыстырғанда жолбарыс» деген сөздер кездеседі. Немесе, мына мысалға қараңыз:

Сталин и Гитлер

Б. Соловьев пен В. Суходеевтің «Қолбасшы Сталин» және Х. Тревора-Роупердің «Гитлердің үстел басындағы әңгімелері» кітаптарында жоғарыдағы йитаталар бар.

Ал, ««Шығыс министрлігінің» «Ост» бас жобасы бойынша ескертулері мен ұсыныстары» қосымшасында КСРО аумағын бөлшектеу, осы аймақта тұрып жатқан халықпен қарым-қатынас туралы көп айтылған.

Мысалы,

Бізге, немістерге, орыс халқын Еуропада неміс әмірлігін орнатуға бізге кедерлі келтіре алмайтындай етіп әлсірету маңызды.

Алайда, жоғарыда аталған Гитлердің Сталин туралы айтқан пікірі екі кітапта да жоқ. Гитлердің күнделік жазбағанын ескерсек, онда бұл пікірдің қайдан шықты? Сонымен қатар, «Застольные беседы» кітабында жазылғандардың шындық екеніне кейбір тарихшылар күмән келтіреді. Тарихшы Елена Съянованың «Сталин Гитлер көзімен» тақырыбында білдірген көзқарастарымен танысып көріңіз. Мұнда да «кеңес халқының күші Сталин секілді тұлғаны дүниеге алып келгендігінде» деген сарындағы пікірлер жоқ.

Келесі кезекте – соқа мен атом бомбасы!

Фактчек | Ұлы тұлғалар Сталин туралы бүй депті...

«Қиын-қыстау жылдары елді данышпан әрі табанды басшы Сталиннің басқарғаны Ресей үшін үлкен бақыт болды. Ол өзінің барлық ғұмыры өткен сол заманның қатаң әрі құбылмалы уақытын қадір тұтқан біртуар тұлға.

Сталин энергиясы ерекше адам, ерік күші мықты, әңгіме барысында өткір, қатігез, мейірімсіз еді. Тіпті, осында, Британияның парламентінде, тәрбие алған менің өзім оған қарсы келе алмайтынмын. Сталиннің мысқылдау мен сарказм сезімі, ойды нақты қабылдау қабілеті жоғары деңгейде болды. Бұл күштердің мықтылығы Сталинде болғаны соншалық, ол барлық замандағы барлық елдердің басшыларының арасында қайталанбас тұлғадай болып көрінетін.

Ол бізге өте керемет әсер қалдырды. Ол терең, байбалам мен айғай-сүреңнен ада, байыпты даналыққа ие еді. Қиын сәттерде шешімі жоқ жағдайлардың өзінен шығар жолды табудың шебері бола білді. Ол ірі империяны жасап, оны өзіне бағындыра алды. Ол Ресейді соқамен қабылдап, өзінен кейін атоммен қаруландырып қалдырды.
Тарих, халық мұндай адамдарды ұмытпайы».

Черчилль У. 1959 жылы 21 желтоқсанда, Сталиннің туылғанына 80 жыл болған күні бұқара палатасында сөйлеген сөзінен.

Үкім: Жалған

Алғаш рет Сталинге қатысты соқа мен атом бомбасы (негізі ағаш соқа мен атом реакторы болатын) жайлы Англияда тұратын троцкист Исаак Дойчер жазды. Біріншісінде 1953 жылы Сталинді еске алуға арналған материалда, фразаны екінші рет 1956 жылы «Британник» энциклопедиясында «Сталин» деген мақалада қолданды.

Черчилль и Сталин

Тағы да бір дәлел:

Сталин и Черчилль

Сталин и Черчилль

Сонымен қатар, бұл тіркесті Дойчер «Ирония истории» атты заманауи коммунизмге арналған эссесінде де пайдаланды.

Мифы о Второй мировой войне

Мифы о Черчилле, сохе и атомной бомбе

Черчилльдің жоғарыда берілген ұзақ дәйексөзін «жақсы көретіндер» Черчилль бұлай деп 1959 жылы 21 желтоқсанда, Сталиннің туылғанына 80 жыл болған күні бұқара палатасында (лордтар палатасы) айтты, одан кейін Британия энциклопедиясының 1964 ж., 5-томының 250-бетінде Сталин туралы мәліметте берілген дейді.

Кейде бұл айтылғандар армян коньягын жақсы көретіндердің Ялта туралы естеліктеріне де ұқсап кетеді:

«Оның адамдарға әсері сұмдық болатын. Ол Ялта мәжіліс залына кірген кезде, біз барлығымыз команда берілгендегідей тік тұра қалатынбыз, бір қызығы екі қолымызды екі жағымызға тіктеп қоятынбыз».

Ал, әсілінде, 1959 жылы 21 желтоқсанда Британ парламентінде ешқандай жиналыс болмаған. Черчилль өзін нашар сезінген, сондай-ақ Британикке адамдардың ел алдында айтқан сөздері енгізілмейді.

Осы жерден Черчилльдің кейбір сөйлеген сөздерінің мәтіндерін табуға болады. Соқа туралы мұнда ештеңе жоқ. Әрине, бізге дейін де оның айтқан сөздерінің рас-өтірігі тексеріліп қойған. Ол туралы мына сілтемеден және мына сілтемеден (мұнда дәйексөзді орыстілді кеңістікке кімнің кіргізгені туралы айтылған) оқуға болады.

Сталин Ресейді соқамен қабылдады деген де даулы пікір. Мына жерден қараңыз. Ленин тұсында да, патша тұсында да А мен Б тобындағы тауарлар өндірісі қандай да болсын болды. Ал, атом энергиясы ол кезде болмады. Үшінші суретке назар аударыңыз.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz