Марат Бекетаев уәдесінде тұрды ма?

Марат Бақытжанұлы Бекетаев – 2016 жылдың қыркүйек айынан бері ҚР Әділет министрі. Марат Бақытжанұлы қызмет барысында аса көп уәде берген емес. Десе де, солардың біразына тоқталайық.

Әділет министрлігінің бастамасымен «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасына әлеуметтік маңызы бар өзгерістер енгізілді. Олардың негізгілерінің бірі – адвокаттар мен Pro bono заңгерлердің тегін заңнамалық көмек беруі, адвокатқа жүгіну үшін қажетті алғашқы жарнаның мөлшерін төмендету. Бұдан бөлек Бекетаев Bank of New York Melon банкіндегі бұғатталған ұлттық қордың қаражатына қатысты: «22 миллиард долларды ешкім де алмайды» деген болатын.

Уәделер тізімі мен оларды тексеруге арналған сілтемелер 

1. Tengrinews.kz: 22 миллиард долларды ешкім де алмайды.
1.1 Forbes.kz: Лондон соты Қазақстан Ұлттық қоры қаржысын бұғатталған күйінде қалдырды.

2. Tengrinews.kz: Әкімдерді жергілікті тұрғындар таңдайды – Бекетаев. 2.1 Kazpravda.kz: Сенаторлар бізді ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізбеуге көндірді – Бекетаев.

3. Parlam.kz: Маңызы аз істер институтын қайтадан қалпына келтіру.                            3.1.informburo.kz: Маңызы аз істер институты жаңа әкімшілік кодексте.

4. kapital.kz: Адвокаттардың жұмысында қандай өзгерістер болады.
4.1.zakon.kz: Қазақстанда “Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы” Заң қабылданды.

5. today.kz: ҚР Әділет министрі бір жыл ішінде қазақ тілінің деңгейін көтеремін деп уәде берді.
5.1. YouTube: 2017 жылы Әділет министрінің халықпен кездесуі.

Орындалу мерзімі аяқталмаған уәделер

1. Интеллектуалды жекеменшік объектілеріне арналған бірдей тіркеу жүйесін енгіземін деп уәде берді.

2. Жыл соңына дейін Әділет АҚЖ-ның іздеу жүйесіндегі кемшіліктерді түзетуге уәде берді.

3. «Е-заңнама» жүйесі «Big data» үлкен мәліметтермен жұмыс істейді деп уәде берді.

4. «… Содан кейін 1,5-2 жыл ішінде Әділет органдары туралы жаңа заң шығады», – деген болатын.

 

 

Журналист Factcheck.kz

Factcheck.kz