АҚШ-тағы президенттік сайлау қарсаңында жасанды интеллект пен чат-боттар жалған ақпаратпен күресуге қауқарсыз екені мәлім болды. NewsGuard зерттеушілері генеративті AI құралдарының жұмысына тағы бір талдаудан соң, осындай қорытынды шығарған.
Қыркүйек айында жүргізілген 10 жетекші чат-бот пайдаланылған зертетуге сәйкес, ЖИ 18% жағдайда жалған нарративті сұрақтарға дезинформацияны қайталап жауап берген. Сондай-ақ, кейбір жағдайда жауап беруден бас тартқан және 38% жағдайда қате жауап берген.
«Бұл чат-боттар жаңалықтар мен ақпараттардағы күмәнді сауалдарды өңдеуде қиындықтарға тап болады» – дейді зерттеу авторы Маккензи Садеги. Қазіргі күні ақпарат тарататын дереккөз өте көп. ЖИ олардың қайсысы сенімді, қайсысы сенімсіз екенін көп жағдайда анықтай алмайды.
Садеги Voice of America басылымына берген сұқбатында NewsGuard жаһандық соғыстар мен америкалық саясатты қамтитын жалған нарративтер мен ақпараттардың дерекқорын жүргізетінін мәлімдеді.