OpenAI америкалық пайдаланушыларға ChatGPT-мен байланысудың жаңа әдісін ұсынды: енді чатботқа қоңырау шалуға болады. Бұл қызмет 1-800-CHATGPT деп аталады. Бұл туралы CNBC басылымы жазды.
OpenAI хабарлағандай, пайдаланушылар АҚШ телефон нөмірін теру (1-800-242-8478) немесе WhatsApp-қа хабарлама жіберу арқылы “чат-ботпен қарапайым, ыңғайлы және арзан әдіспен” сөйлесе алады.
Қоңырау шалушылар ай сайын 15 минутты тегін алады. Олар телефон нөмірін тіркемей-ақ қойса болады, бірақ компания қазір WhatsApp хабарламаларын пайдаланушының ChatGPT-дегі деректерімен байланыстыруды қарастырып жатыр.
Контекст
Бұған дейін OpenAI компаниясы Sora деп аталатын видео генераторын ұсынғанын жазған едік.