Жартылай шындық | Еуропа чемпионатында германиялық спортшы Қазақстанның туын көтерді

Қазақстанда туған азамат ерлер арасында аралас жекпе-жектен
жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде Еуропа чемпионы атанып, жеңіс
тұғырына Қазақстанның туын көтеріп шықты. Қазақстандық БАҚ өкілдері
бұл жаңалықты жарыса жазуда.
Жартылай шындық | Еуропа чемпионатында германиялық спортшы Қазақстанның туын көтерді

Үкім: Жартылай шындық

Чемпион өзінің алғашқы жаттықтырушыларына алғысын білдіру мақсатында расымен ортаға Қазақстанның туын алып шықты. Бірақ ол жекпе-жекті Германия туы астында өткізіп, марапат алды.

Бухаресте өткен ересектер мен жастар арасындағы 2018 жылғы Еуропа
чемпионатының ұйымдастырушысы – IMMAF (халықаралық аралас жекпе-
жек өнері федерациясы). Алтын медаль иеленген Эдуард Кексель жеңіс
тұғырына Қазақстанның да, Германияның да туын алып шықты.

“Қазақстанның туын көтеру бұрыннан ойымда жүрген, сол ойымды
жүзеге асырдым».


Турнидің ресми рейтингтерінде Эдуард Кексель Германия спортшысы
ретінде тіркелген. Қазіргі уақытта ол жартылай жеңіл салмақта Германия
әуесқой спортшыларының арасында 17-ші орында, ал Батыс Еуропа
бойынша 37-ші орында тұр.

Ту қайдан келді?

Спортшының алғашқы қазақстандық жаттықтырушысы Ысқақов
Төлеген Акишұлы Эдуардқа үміт артып, туды жаттығу үшін ауылдан Есіл
қаласына алып келген. 2014-2016 жылдары оны Әскери қол жекпе-жегінен
жаттықтырып, Әлем және Ресей чемпионаттарына апарған Сексембаев
Руслан Жұмабайұлы болатын. Кейінірек оны қазіргі демеушісі Герхард Эттл (Gerhard Ettl) байқап, үлкен жекпе-жектерге шығуға мүмкіндік берді. Қазір
оны Германияда Марк Буххольц жаттықтырады.

Турнирдің қазақстандық жүлдегерлері

• Абылай Көргенов (жеңіл салмақта Еуропаның күміс жүлдегері)
• Мейірбек Төлегенов (жартылай жеңіл салмақта Еуропаның қола
жүлдегері)

Дата-журналист, медиа-тренер. Изучаю журналистику и государственную политику. Целью в профессиональной деятельности является развитие казахстанского общества посредством борьбы против распространения ложной информации в период инфодемии и не только.

Factcheck.kz