Жартылай шындық | Арманымдағы жұмыс – ақша төленетін саяхаттар

Исландиялық WOW Air бюджеттік әуе компаниясы 9,5 мың еуро жалақы алатын саяхатшының бос жұмыс орнына байқау жариялады. Бұл, ақпаратты 28 сәуір күні Nur.kz порталы таратты. Біз бұл ақпараттың рас-өтірігін анықтап көруге тырыстық. Хабарламада былай жазылған:

«Іріктелген екі үміткер Исландияның астанасы Рейкьявикке келіп, қаланың ортасынан пәтер жалдап, жаз бойы сонда тұруы керек. Компания жүріп-тұруға көлік береді, ал саяхатқа кеткен шығындарды бөлінген 9500 еуромен өтеуге болады. Өтініштер 14 мамырға дейін қабылданады. Іріктеуге қатысу үшін үміткер өз қаласы туралы видео түсіріп, ұйымдастырушыларға жіберуі керек».

Үкім: Жартылай шындық

WOW Air әуе компаниясы шынында жаз айларындағы саяхатшы гид жұмысына іріктеу жариялады (1 маусым — 15 тамыз). Бірақ, әуе компаниясы ұсынған келісімшартта жоғарыда айтылған талаптардың барлығы бірдей көрсетілмеген.

Компания сайтындағы «WOW Travel гидтері не алады?» (What will WOW Travel Guides get?) деген бөлімде келісімшарт пен болашақ гидке қойылатын талаптар жазылған. Онда көлік беру және 9500 еуро жалақы туралы ештеңе айтылмаған.

Жартылай шындық | Арманымдағы жұмыс – ақша төленетін саяхаттар

Басқа талаптар:

  1. WOW air summer үміткерлері 2018 жылы 10 апта бойы контент жасайды.
  2. Жолсерік Исландиядан WOW Air арқылы 8 рет әр бағытта сапарға шығады. Әр сапар 2–4 күнге созылады. Сонымен қатар, жолсеріктер Исландияның өз ішінде кем дегенде 4 сапарға қатысады. Барлық саяхаттар 2018 жылдың жаздың 10 аптасында жүзеге асады.
  3. Барлық бағытқа ұшу WOW air әуежайлары ішінде жүзеге асады. Егер қатысушының жергілікті әуежайы WOW air тізімінде болмаса, ол айтылған жерге өз қаражатымен жетуі керек.
  4. Саяхат, қонақ үйлер, іс-шаралар мен жол шығынын WOW air компаниясы көтереді. Сонымен қатар, жолсеріктерге әлеуметтік желілерге кіруге мүмкіндік жасалады.
  5. Жол шығындары Исландияның жағдайына қарай есептеледі.
  6. Сіздің жасыңыз 18-ден асқан болуы керек және өз еліңіздің заңымен кәмелетке толған жаста болуыңыз міндетті.
  7. Сіз ойыңыз бен жоспарларыңызды ағылшын тілінде еркін жеткізе алуыңыз керек.
  8. Қатысу үшін Facebook-те жеке парақшаңыз болуы міндетті.
  9. Travel Guide жобасына қатысу үшін 14 мамырға дейін өтініш бере отырып, сіз басқа әуе компанияларымен байланысыңыз жоқ екендігін және жобаға қатысу сіздің басқа да келісімшарттарыңызды бұзбайтынын растайсыз.
  10. Жеңімпаз 2018 жылдың 18 мамыр күні анықталады. Егер жеңімпаз 48 сағат ішінде жауап бермесе, басқа адам таңдалады.

Жеңімпаз өзінің барлық сапарларына қажетті құжатты жинауы тиіс; қысқа видеороликтер түсіру, «саяхатта қалай үнемдеу керек» туралы кеңестер жазуы керек; блогқа GIF және хабарлама, видеолар қалдырып отыру міндетті; барлығы Wow Air веб-сайтында Travel Guide атауымен шығып отырады.

Байқауға қатысу үшін өз қалаңыз туралы екі минуттық видео түсіру керек. Мына сілтеме бойынша өтініш қалдыра аласыз.

 

 

Журналист Factcheck.kz

Factcheck.kz