23 қаңтар күні Жастар жылының ашылу салтанатында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикамыздағы жастардың жұмысбастылығына қатысты бірнеше сандарды келтіріп,
«Қазір елімізде 300 мыңға жуық адам немесе жастардың 9%-ы оқуға және еңбекке тартылмаған»
деп мәлімдеді.
Үкім: Жартылай шындық
Статистика комитетінің 2018 жылдың 3-тоқсанындағы мәліметіне сенсек, 15-28 жас аралығындағы жастар 7,5%. Президент NEET-тің пайыздық мөлшерін айтқанда (9% деп айтқан) аздап шатасқан.
NEET (Not Education, Employment, Training) термині жұмыс істемейтін және оқымайтын жастарды сипаттайды.
2018 жылғы Қазақстандағы жастар саны (15-тен 29 жасқа дейінгі азаматтар) 3,989,948 адам. Оның 7,5%-ы, яғни NEET жастар – 299,246 адам. Бұл президент айтқан сандарға сәйкес келіп тұр.