Фактчек | Дариға Назарбаева: “Трамадол” есірткі сияқты әсер етеді

Қарашаның 8-інде парламент сенатының депутаты Дариға Назарбаева денсаулық сақтау министі Елжан Біртановқа сауал жолдады. Сенатор жоспарланған, жоспарланбаған тексеру тыйым салынған дәріxаналарды шағын кәсіпкерлер қатарынан алып тастауды, дәрілердің рецептсіз сатылуын қатаң бақылауға алуды сұрады. Назарбаева “мұндай сұрақ қоюына жасөспірімдерге берілуге болмайтын “Трамадол” медициналық препаратының сатылуының жиілеуі себеп” деп түсіндірді.

“Қазақстан дәріxаналарында ағза тәуелді болып қалатын препараттар емін-еркін сатылып жатыр. Олар тап есірткі сияқты әсер етеді. Соның бірі – “Трамадол”. Көбіне 14-18 жастағылар сатып алады. Нарколог дәрігерлердің ойынша, “Трамадолдың” құрылымы морфин есіркісіне ұқсас. Бұл препараттың үлкен дозасын қабылдаған адам алдымен масаяды, кейін ағзаны тәуелді етіп, адам миын өзгертеді, бүйректі құртады”, – деді сенатор.

Әрбір тұжырымды жеке тексеріп көрейікші.

Мәлімдеме: “Трамадол” есірткі сияқты әсер етеді

Үкім: Жартылай шындық

“Трамадолдың” анальгетикалық әсер ету меxанизмі толық зерттелмеген, алайда препараттың екі түрлі әсер ететіні белгілі.

Біріншіден, оның мидағы, жұлын мен асқазан-ішек трактіндегі опиоид μ(мю) рецепторлар белсенділігін күшейтетіні рас. Ауру сезімталдығын модуляциялауға да қатысады.

Екіншіден, препарат жүйке жасушасындағы серотонин мен норадреналинді кері қайтарады да, ауырсынуға қарсы опиоид емес жүйені іске қосады. Опиоидтердің әсерін жоятын налоксон есімді бөлшектің “Трамадол” әсерінің жартысын ғана (30 пайызын) жоя алуы препарат опиоид емес компоненттің бар екені дәлелденген.

Ауырсынуды басуға келгенде жеке бір меxанизмнің өзі әлсіз болғанымен, бәрі біріккенде қажап ауыруды біраз жеңілдетуге қауқарлы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы “Трамадолдың” өзін ғана қабылдау ауырсынуды дұрыс басуға қабілетті емесін жазады.

Мәлімдеме: “Трамадолдың” құрылымы морфинге ұқсайды

Үкім: Манипуляция

Құрылымдарына қарағанда, анальгетик ретінде “Трамадол” морфинмен салыстырғанда кодеинге көбірек ұқсайды. Екеуінің де фенол сақинасында 3-метокси тобы бар және метаболистік саты ретінде О-деметилизацияға ауысады.

Фактчек | Дариға Назарбаева: “Трамадол” есірткі сияқты әсер етеді
Трамадол
Фактчек | Дариға Назарбаева: “Трамадол” есірткі сияқты әсер етеді
Кодеин

 

“Трамадолдың” диметиламинометил бөлігі морфин мен кодеиннің метилденген азон сақинасына ұқсайтынын айта кету керек. Алайда “Трамадол” мен морфиннің осы ұқсастығынан басқа өзге құрылымдық біртектілігі жоқ.

Фактчек | Дариға Назарбаева: “Трамадол” есірткі сияқты әсер етеді
Трамадол
Фактчек | Дариға Назарбаева: “Трамадол” есірткі сияқты әсер етеді
Морфин

Оған қоса, “Трамадолдың” анальгетикалық белсенділігі инемен салса – морфиннің 10 пайызына, дәрі ретінде қабылдаса 20 пайызына тең. Сондықтан “Трамадолды” ауырсынуды жазатын ең қауіпсіз және тәуелділікті мейлінше аз тудыратын препараттар қатарына жатқызады.

Бұдан бөлек, терапевтік дозада “Трамадол” тыныс алуды қалыпқа келтіруде морфиннен қарағанда әлсіз әсер ететіні дәлелденген. Апиынға аз және бірқалыпты тәуелдігі бар науқастар пайдаланатын морфиннің орнын “Трамадол” баса алмайды.

Мәлімдеме: “Трамадолдың” көп дозасы масайтады

Үкім: Жартылай шындық

Препараттың терапевтік дозасы да есірткіден улану жағдайына жеткізуі мүмкін. “Трамадолды” қабылдаудың бірнеше салдары бар: ұйқысырау, ұйқының бұзылуы, бас ауруы, ашушаңдық, дене мүшелерінің тартылуы, бұлшық еттің тырысып қалуы, көңіл-күйдің бұзылуы, қыжыл, асқазан ауруы, ауыздың кебуі.

Өзге жағдайларда салдары тіптен ауыр: құрысу, есекжем, бөртпе, күлбірлену, тыныс алу мен жұтынудың қиындауы, іш өтеуі, қорыл, қозу, галлюцинация, безгек, тершеңдік, діріл, координацияның бұзылуы, жүрек айнуы, құсу, іш өту, тәбеттің жоғалуы, бас айналу, жүрек соғысының өзгеруі, етеккір циклінің бұзылуы, либидоның түсуі.

Бұған қоса, “Трамадолды” мөлшерінен тыс қабылдаудың салдары бұдан ауыр болуы мүмкін. Олар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, өзге опиоид анальгетиктерден улану белгісіне ұқсайды және оның қатарына серотонин мен норадреналинді тым көп қабылдау белгілері қосылып кетуі мүмкін — орталық жүйке жүйесінің бұзылуы, кома, тахикардия, жүрек қан-тамыр коллапсы, тырысу, тыныс алудың тоқтауға жетеғабыл нашарлауы.

Соңғы өлімге алып келген жағдайлар аз тіркелген. Әдетте мұндай оқиғалар препаратты өзге дәрілермен бірге қабылдағанда, я алкогольмен қоса ішкенде болады.

Мәлімдеме: “Трамадол” тәуелдік тудырып, әлсіретеді, адам миын өзгертіп, бүйректі құртады

Үкім: Шындық

“Трамадолды” таблетка түрінде қабылдау шынында тәуелдік тудыруы мүмкін. Абстинент (доғару) синдромы мазаны қашырып, қозу, тершеңдік, ұйқысыздық, гиперкинезия, діріл, парестезия (жалған сезім), асқазан-ішек симптомын тудыруы мүмкін.

Бұған қоса, мамандардың айтуынша, “Трамадолға” тәуелді боп қалу қаупі төмен, тәуелдік препаратты бірнеше ай не апта бойы күн сайын қабылдаудан тууы мүмкін. “Трамадолға” тәуелді болып қалатындардың көбі – бұрын психоактивті препараттар мен есірткі қабылдағандар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы “Трамадолға” тәуелді боп қалу жиілігі түрлі елдің әр өңіріне қарай өзгеруі мүмкін екенін айтады. “Бұл оның қолдану мақсаты мен есірткі пайдаланатын азаматтарға бұл препараттың қолжетімді болуына байланысты болуы мүмкін” деп жазады ұйым.

Кез келген опиоид препаратты (“Трамадолды” да) ұзақ уақыт бойы ретсіз пайдалану ми жұмысын өзгертуі мүмкін. Мұндай препараттар жасанды эндорфин бөледі де, уақыты өте келе ми соларға “үйреніп”, өз эндорфиндерін бөлуді тіптен доғаруы мүмкін.

“Трамадолды” терапевтік дозада пайдалануы бауырдың клиникалық сырқатына әсер етпейді, бірақ тым көп қабылдау бауырды шынында зақымдауы мүмкін.

Жаһандық контекст және Қазақстан

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы “Трамадолды” пайдалану Африканың солтүстігі мен батысында, Таяу Шығыста жиілеп барады.   Тәркіленген препараттар саны 2007-2015 жылдар арасында өскен. “Трамадол” қатты әсер ететін анальгетик болса да оның өндірісі мен айналымы халықаралық нормада рұқсат етілмеген” деп жазады.

Біріккен ұлттар ұйымының есірткі мен қылмыс жөніндегі басқармасының айтуынша, мемлекеттер “өз имиджін құртпау үшін” халықаралық қауымдастыққа халықтың қанша үлесі психотропты препараттарға тәуелді екенін ашып айтпайды. Сондықтан көп ел “Трамадолдың” ішкі айналымын өзінше бақылап, я оны рецептсіз елге кіргізбей тастайды (мәселен, Украина мен Беларусь осылай етеді).

Бірақ, БҰҰ-ның жазуынша, препаратты тұтыну деңгейінің жоғары болуына дәрігерлердің ешбір бақылау жүргізілмейтін рецептері және көлеңкелі нарықтағы қолжетімділігі себеп.

2018 жылдың 10 айында Қазақстанда “Трамадолды” дәрігер нұсқауынсыз берген дәріханаларға 52 әкімшілік жаза тағайындалып, 11 миллион теңге айыппұл салынған. Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігі прапаратты “медициналық мақсатта пайдаланылатын, бақылауға алынатын есірткі мен психотропты заттар, олардың баламасы ретінде санау туралы мәселені қараған.

2018 жылы 28 желтоқсанда Назарбаев бұл заң жобасына қол қойды.

Бұдан бөлек министрлік жекеменшік дәріханалар желісін бақылау үшін 2020 жылдан бастап нұсқаумен берілетін дәрілерді электронды түрде сату туралы талап қоюды жоспарлап отыр. Министрлік Кәсіпкерлік кодексіне өзгеріс енгізіп, фармацевтикалық қызмет көрсетумен айналысатын субъектілерді кедергісіз тексеруге болатындай мүмкіндік алуға күш салып жатыр.

 

 

Журналист-аналитик. Магистр социальных наук

Factcheck.kz