Жартылай шындық  | Қазақстандағы баяу девальвация  

Парламент Мәжілісінің депутаты, палатының қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Аманжан Жамалов долларға қатысты теңге курсының төмендеуіне байланысты пікір білдірді: «… мұндай өзгерістің қарапайым девальвациядан айырмашылығы жоқ, тек уақытша емес, тұрақтылау…»

Девальвация в Казахстане
Tengrinews сайтынан скрин

Бұдан өзге мәжілісмен:

Әлсіз курс экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыратыны белгілі. Бірақ Қазақстанда ол негізінен валюталық көмек алатын шикізат өндірушілерге қатысты. Ішкі саудаға негізделген шағын және орта бизнесті девальвация және одан кейінгі инфляция жойып жіберуі де мүмкін.

Тақырып маңызды болғандықтан депутаттың айтқан сөздеріне фактчек жасап көрейік.

Мәлімдеме: Қазақстан құбылмалы девальвация күйінде

Үкім: Жартылай шындық

Қазақстандықтар уайымдап, бақылап отырған анықтама туралы айтайық…

Девальвация – өзінің айырбастау курсы бекітілген мемлекеттер ғана бара алатын мәжбүрлі әрекет. Егер ел валютасы құбылмалы болса, девальвация мен ревальвация жиі және автоматты түрде болып отырады. Құбылмалы валюта курсы кезінде ұлттық валюта «құнсызданады».

Елімізде 2015 жылдың тамыз айынан бастап валюта курсы құбылмалы күйге ауысты. Сонымен қатар, экономикалық теорияда ашық және жасырын, бақыланатын және бақылаусыз девальвация болады делінген.

Бізде болып жатқан жағдай (депутаттың айтып отырғаны шындық, наурыз айынан тамыз айына дейінгі аралықта теңге біршама құнсызданды, шамамен 14%-ға) көбіне «жасырын девальвацияға» ұқсайды. Ұлттық валютаның әлсіреуін «бақылаусыз девальвацияға» жатқыза алмаймыз, өйткені Ұлттық банк «қажет болған жағдайда теңгенің қысқамерзімді тұрақсыздануын реттеп отыратын интервенция жасауға әзір екендіктерін» мәлімдеді.

Контекст: Теңге құнсыздануының қысқаша тарихы

Өткен он жыл ішінде Қазақстан екі ресми жарияланған девальвацияны бастан өткерді (ұлттық валютаның тұрақты курсы кезінде) – 2009 жылдың ақпан айында (АҚШ долларына қатысты теңге курсы 23,8 %-ға түсті) және 2014 жылдың ақпан айында (1 доллар 155,5-тен 185-ке дейін өзгерді). 2015 жылдың 20 тамызынан бастап ел құбылмалы бағамға ауысты. 2015 жылдың 31-ші желтоқсанының өзінде біз бір АҚШ ақшасына 341 теңге төледік, ал 2016 жылдың бас кезінде 1 доллардың бағасы 351 теңге болған еді. 1999 жылдың сәуір айында алғашқы ресми жарияланған девальвация болды. 1998 жылы доллар 88-90 теңге болған болса, бір жылдан кейін, 1999 жылдың аяғында 138-140-қа дейін көтеріліп кетті.

Девальвации в Казахстане

1993 жылы (біздің ұлттық валютамыз айналымға енген кезде) доллар шамамен 4,7 теңге болатын, 2014 жылдың ақпан айындағы девальвация кезінде 155, тұрақсыз валюталық режимге ауысардың алдында – 188, материалдың жазылған сәтінде 366 болды. Теңгенің құлдырау дәрежесін өзіңіз-ақ байқай беріңіз.

 

Мәлімдеме: Теңгенің құнсыздануы валюталық көмек алып отаратын отандық шикізат өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Ал ішкі саудаға негізделген шағын және орта бизнесті тіптен жойып жіберуі мүмкін.

Үкім: Үкім жоқ

Қазір теңге құнсыздануының экспортшыларға және ішкі саудаға негізделген тауар өндірушілерге қалай әсер ететінін дөп басып айту қиын. 2014 жылғы девальвациямен салыстырар болсақ, тұрақсыз курсқа ауысқалы депутат айтып отырғандай жойып жіберерліктей әсер еткен жоқ, дегенмен әсер еткені де жасырын емес.

Сұрақты экономикалық теорияның көмегімен және өзімізде бар «девальвациялық» тәжірибеге сүйеніп түсіндіріп көрейік.

Теория не дейді?

Девальвация мемлекеттің экономикалық тұрғыдан аман қалуына қалай көмектеседі?

Оқимыз: Девальвация себептері өздері өндіретін шикізаттың бағасына тәуелді елдер мен тауар өндіріп, оларды шетел нарығында жүзеге асыратын елдерде әртүрлі. Бірінші жағдай бюджетті орындау, екіншісі отандық тауар өндірушіні қорғау. (Якунин С.В. мен Андронов И.И. «Валюта девальвациясының теориясы және тәжірибесі» мақаласынан)

Экономикалық ғылымға сүйенсек, ұлттық валюта курсының төмендеуі ұлттық экспортшыларға тиімді, дегенмен, кей тұстарын айтып өткеніміз жөн.

Оқимыз: «Дегенмен девальвация үлкен қауіп төндіруі де мүмкін. Экономикалық жүйесі дамымаған, технологиясы артта қалған елдер девальвациядан пайда көре алмайды. Өйткені олардың тауарлары сыртқы сауда нарығында жоғары технологиялы тауарлармен бәсекеге түсе алмайды. Мұндай елдер шикізат өнімдерін экспорттап, түскен кіріске өз технологияларын дамытып, қымбаттап кеткен импорттық тауарлардың орнын ауыстыра алады. Бірақ бұл ұзақ уақытты талап етеді және ол жолда стагнация мен рецессияға да ұрынуы мүмкін. Сонымен қатар девальвация корпоративтік және мемлекеттік сыртқы қарызы бар елдер үшін аса қауіпті…» (dailymoneyexpert жариялаған материалдан)

Енді валюта құнсыздануының оңтайлы жақтары туралы айтайық:

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Бірақ тек давальвация шектелген қаржылық-несиелік және кіріс саясатымен бірге, сонымен қатар құрылымдық реформалармен қатар жүрген кезде ғана әсері болады.

Шешім өздігінен шығып тұр: теңгенің үздіксіз құлдырауы кезінде біз шикізат өнімдерін экспорттаудан пайда түсіреміз және сол арқылы технологиямызды дамытып, импортты алмастыра аламыз деп үміттенейік.

Тәжірибеде ше?

2014 жылғы девальвация қорытындысы мен  2015 жылдан тұрақсыз теңгеге ауысқалы келесі жағдайға келдік. Vlast.kz сайтындағы әріптестеріміз 2016 жылғы тамыз айында мынадай материал жариялады (негізгі экономикалық параметрлерді келтіреміз):

  1. Импорттық тауарлардың бағасы өсті және 2016 жылдың маусымында инфляцияның жылдық көрінісі 15,9 % болды. Инфляцияның жоғарылауы сатып алушылар мен тұрғындардың кірісін азайтты (ол ішкі пайдаға негізделген шағын және орта бизнеске үлкен әсер етеді).
  2. 2015 жылмен салыстыра айтқанда, 2016 жылдың мамыр айында халықтың орташа кірісі 9,5 %-ға төмендеді, бірақ номиналды көрінісі 9,9 %-ға өсті.
  3. 2016 жылдың 2-тоқсанында ауыл шаруашылығының кірісі 4,7%-ға, қайта өңдеуші өнеркәсіп 2,9 %-ға және сауда 5,9 %-ға төмендеді.
  4. 2015 жылға шетелдік инвестиция көлемі 1,5 еседен көп төмендеп кетті, ал олардың инвестиция құюы 40%-ға азайды. 2015 жылы елімізден 7,03 млрд доллар инвестиция сыртқа кетті.
  5. 2015 жылы ЖІӨ 1,2 %-ға өсті.
  6. Өнеркәсіп өндірісі 1,6%-ға кеміді.
  7. 2014 жылғы девальвацияны қорытындылаған қаржылық сарапшы Төлеген Асқаровтың Forbes журналына жарияланған материалында шикізат, телекоммуникациялық компаниялар және кейбір банктар бұл мәжбүрлі амалдан ұтып кеткендігін айтады . Әсіресе, Kazakhmys, « ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» , «Кселл», «Қазақтелеком» және «ҚазТрансОйл» компаниялары мен Халық және Казкоммерцбанктың акциялары қымбаттап кеткен.

Тәжірибе көрсетіп тұрғандай, девальвация нәтижесінде экспортшылар мен қаржы жүйесі ұтады, ал қарапайым тұрғындар мен оларға қызмет көрсететін отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсету саласы, яғни шағын және орта бизнес ұтылады.

 

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz