ЖАРТЫЛАЙ ШЫНДЫҚ | Елімізде әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады

«Елімізде әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады». Мұндай тақырыптағы мақала осы жылдың ақпан айында stan.kz сайтында жарық көрген болатын. Бұл мақаладағы мәліметке сүйенсек, өткен жылы елімізде 140 мың отбасының 51 мыңы ажырасып кеткен екен.

Үкім: Жартылай шындық

Соңғы жылдары ажырасу оқиғасы көбейгенімен, әрбір үшінші неке деу қисынсыз. ҚР Әділет министрлігінің ресми ақпаратына үңілетін болсақ:

data.egov.kz
Скриншот data.egov.kz сайтынан

Ресми деректерде көрсетілгеніндей, былтырғы жылы елімізде 139614 отбасы шаңырақ көтерген, 140 мыңға 386 отбасы жетпейді. Олардың 51252-сі ажырасып кеткен. Орташа есеппен 139614-ті 51252-ге бөлетін болсақ  2,7 шығады, яғни 3-ке жетпейді. Сондықтан да әрбір үшінші неке деп дөп басып айту қисынсыз.

data.egov.kz
Скриншот data.egov.kz сайтынан
zhanaqorgan-tynysy.kz
Скриншот zhanaqorgan-tynysy.kz сайтынан

Ал, мына бір сайтта 2015 жылы 148769 отбасы некеге тұрғаны жазылған, алайда ресми мәліметте 148378 деп тұр, яғни 391 отбасы артық көрсетілген.

Жалпы, елімізде соңғы 5 жыл ішінде 785457 отбасы шаңырақ көтерген болса, оның 258717-сі ажырасқан екен. Осы 5 жыл ішінде шаңырақ көтерген әрбір үшінші тұрғын ажырасып отырған.

factcheck.kz
Инфографика factcheck.kz

Ал, осы 5 жыл ішінде ажырасқандар саны 7,2%-ға артқан екен.

factcheck.kz
Инфографика factcheck.kz
Жансерік Тілеухан
Журналист-фактчекер, медиа-тренер, СДУ түлегі, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-монитор

Leave a Comment