Жалған | Рамазанова: ҚР мемлекеттік аппараты тиімділігі жағынан әлемдегі үздік бестікке кіреді

4 шілдеде «Atameken business» медиахолдингі ұйымдастырған Astana Finance Days аясындағы «Бизнес &/Vs Медиа» панельдік сессиясында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Лаззат Рамазанова түрлі тақырыптарды қозғай отырып, «… рейтинг бойынша, қазақстандық мемлекеттік аппарат тиімділігі жағынан әлемдегі үздік бестікке кіреді» деп мәлімдеді (27.42 минуттан бастап қарасаңыздар болады). Одан әрі ол «бұл белгілі ақпарат» деп түсіндірді. Әрине, бұл цитата месенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарай бастады…

Жалған | Рамазанова: ҚР мемлекеттік аппараты тиімділігі жағынан әлемдегі үздік бестікке кіреді… онда спикер өз сөзін былай түсіндірді:

«Мемлекеттік аппаратқа байланысты цитатама тоқталсақ, мен бірінші кезекте назарларыңызды негізгі тақырыбыма, яғни бизнес пен БАҚ-тың өзара ынтымақтастығана аударғым келеді».

Бірақ біз, не болса да, қазақстандық мемаппараттың әлемдегі орны қандай екенін тексеріп көреміз.

Үкім: Жалған

Қазақстандық мемаппарат Bertelsmann Stiftung’s Transformation Index (BTI) нұсқасы бойынша әлемде 129 елдің ішінде (дамушы елдер мен өтпелі экономикасы бар елдер) 81-ші орында тұр. Бұл Бертелсманн Қорының трансформация индексі. Оны Дүниежүзілік банкі өзінің Мемлекеттік басқару сапасының индексін жасау үшін пайдаланады.

BTI индексі

Bertelsmann Stiftung (BTI) трансформация индексі 129 дамушы және өтпелі экономикасы бар елдерде демократияның, нарықтық экономика мен саяси басқарудың сапасын талдайды және бағалайды. Мемлекеттік басқарудың интегративті көрсеткіші мынадай индикаторлардан құралады: күрделілік деңгейі, «өз қолымен» басқару ауқымы, ресурстық тиімділік, консенсусқа қол жеткізу, халықаралық ынтымақтастық. Бертелсманн қоры есептеу әдістемесін сайт пен құжаттарда егжей-тегжейлі сипаттайды. Сонымен, 2018 жылы Қазақстан Ирак пен Кувейттің арасында орналасып, 81-ші орынға тұрақтады. Рейтингті құрастырушылар біздің мемлекеттік басқару деңгейімізді «қалыпты» деп сипаттайды.

Жалған | Рамазанова: ҚР мемлекеттік аппараты тиімділігі жағынан әлемдегі үздік бестікке кіреді

Дүниежүзілік банк не дейді?

Дүниежүзілік Банктің «Мемлекеттік басқарудың сапасы» зерттеуі 1996 жылдан бастап жүргізіледі, ал индекс мынадай көрсеткіштерден тұрады: халықтың пікірін есепке алу және мемлекеттік органдардың есеп беруі; Саяси тұрақтылық және елде зорлық-зомбылықтың болмауы; Үкімет жұмысының тиімділігі; Заңнаманың сапасы; Заң үстемдігі; Сыбайлас жемқорлықты тежеу.

Бұл зерттеуде мемлекеттер рейтингі қарастырылмаған, бірақ жағдайды келесі параметрлер бойынша бағалауға болады: Мемлекеттік басқаруды бағалау (Governance Score, бағалау -2,5-2,5-ке дейін диапазонда жүзеге асырылады) және Процентиль (Percentile Rank). Сайтта 1996-2017 жылдар аралығындағы деректер бар. 2017 жылғы зерттеудің барлық параметрлері бойынша Қазақстанның көрсеткіштері:

Жалған | Рамазанова: ҚР мемлекеттік аппараты тиімділігі жағынан әлемдегі үздік бестікке кіреді

Басуға болатын опцияларды пайдалана отырып, сіз Қазақстанның әлемдегі орнын шамамен бағалай аласыз. Көрнекілік үшін тіпті түрлі карталар бар:

Жалған | Рамазанова: ҚР мемлекеттік аппараты тиімділігі жағынан әлемдегі үздік бестікке кіреді

Инфографика «Үкімет жұмысының тиімділігі» индикаторын көрсетеді. Біз қызығушылық танытып, бұрынғы КСРО елдерін «Сыбайлас жемқорлықты тежеу» және «Үкімет жұмысының тиімділігі» индикаторлары бойынша салыстырып көрдік. Енді ойланып көріңіз:Жалған | Рамазанова: ҚР мемлекеттік аппараты тиімділігі жағынан әлемдегі үздік бестікке кіреді Жалған | Рамазанова: ҚР мемлекеттік аппараты тиімділігі жағынан әлемдегі үздік бестікке кіреді

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz