ЖАЛҒАН | Қансу кенішінің аумағында жануарлар жоқ

2016 жылдың ақпан айында «Арника» чех үкіметтік емес ұйымының (ҮЕҰ) шағын грантымен қаржыландырылатын «Қолдау-Экология» мамандандырылған орталығы (МО) қоғамның назарын Қансу газ кен орнының игерілу мәселесіне аудару мақсатымен ақпараттық науқан жариялап, қол жинауды бастады. Баспасөз мәслихатының қарсаңында жарық көрген мақалада Маңғыстау облысы бойынша Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жетекшісі Серік Сағынбаев кен орнын игеру жұмысы басталатынын айтқан:

 lada.kz
Скриншот lada.kz сайтынан

Үкім: Жалған

Қансу кен орнының аумағынан ақбөкендерді кездестіру шын мәнінде қиын, өйткені бүкіл оңтүстік Үстіртте ақбөкендер қырылып қалған. Ал басқа көптеген жануарлар, соның ішінде Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтар да кен орны аумағын мекен ететіні өтірік емес.

Біздің сауалымызға Үстірт мемлекеттік қорығының директоры Жалғас Устадов мырза былай деп жауап берді:

Үстірт қорығы қызметкерлерінің көп жылғы бақылауына сүйенсек, сирек кездесетін және жойылу қаупі төніп тұрған қарақұйрық, қарақал, итаю, қарабауыр сынды жануарлар Қарынжарық құм алабын мекен етеді, соның ішінде Қансу аумағы да бар. Қансу көптеген жануарлар мен құстар үшін күзгі және көктемгі көші-қон кезінде айрықша маңызға ие.

ЖАЛҒАН | Қансу кенішінің аумағында жануарлар жоқ
Үстірт уриалы. Фото М.Пестовтікі

 

ЖАЛҒАН | Қансу кенішінің аумағында жануарлар жоқ
Қарақұйрықтар. Фото М.Пестовтікі

Эксперттердің сөзіне сүйенсек, бұл аумақ әсіресе қарақұйрықтардың көбеюі үшін маңызды, себебі шөл бөкендері қыс мезгілінде дәл осы тұста шоғырланады. Кен орнының инфрақұрылымы дамуына орай, соның ішінде қорыққа жақын маңнан автокөлік жолының салынуы бұл аумақтан көптеген ірі және айрықша қорғалатын жануарлардың жоғалуына, сонымен қатар браконьерліктің кең етек жаюына алып келеді деген зор алаңдаушылық бар.

ЖАЛҒАН | Қансу кенішінің аумағында жануарлар жоқ
Үстірт МТҚ анықтамасының сканы

Қансу газ кен орнын игеруге жол беруге болмайды, оның салдары ауыр болмақ, атап айтқанда, құстар мен жануарлардың тіршілік ортасының бүлінуіне, бірегей табиғи ландшафтың өзгеруіне алып келеді. Бірегей флора мен фаунаны, табиғи ландшафты сақтап қалу үшін Үстірт қорығы Қарынжарық құмының, соның ішінде Қансудың [жартылай осы аумақта орналасқан – автордың ескертпесі] Үстірт қорығының аумағына қосылуы аса қажет екенін баса айтады. 

ЖАЛҒАН | Қансу кенішінің аумағында жануарлар жоқ
Үстірт МТҚ анықтамасының сканы

Қорық аумағын кеңейту ҚР Үкіметі, Ғаламдық экологиялық қор және БҰҰ Даму Бағдарламасының «Қорғалатын аумақтың ішінде және айналасында үйлесімді және биоалуантүрлілікті тіршілік көздерімен қамтамасыз ету жолымен қорғалатын шөл экологиялық жүйе аумағында жүйенің орнықтылығын арттыру» бірлескен жобасын жүзеге асыру шеңберінде қарастырылған болатын. Жоба жоспарына сай, қорық аумағы 223 342 гектардан 927 350 гектарға дейін кеңейтілуі тиіс болатын, бұл жағдайда оның аумағына Маңғыстау өңіріне тән негізгі экожүйе түгел кіретін еді.

ЖАЛҒАН | Қансу кенішінің аумағында жануарлар жоқ
Маңғыстау облысы АҚТА картасы

2015 жылдың ақпан айынан мамыр айына дейін Қансу учаскесінде «БИДЖИПИ» компаниясы «ҚМГ-Қансу оперейтинг» ЖШС тапсырысы бойынша 3D/2D сейсмологиялық барлау жұмысы жүрді. Оған дейін күніне 2-3 автокөлік қана өтетін аумақта үнемі 40 автокөлік, оның ішінде ауыр техника да бар, жүзге жуық адам жүрді. Сейсмологиялық барлау кезінде ауыр жүк көліктері тас жолдардан тыс жермен де жүрді, соның салдарынан автокөліктің іздері қалды, топырақ қабаты бүлініп, айтарлықтай аумақта бұталар мен өсімдіктер жойылды. Келтірілген зиянды қалпына келтіру әлі күнге дейін басы ашық мәселе күйінде қалып отыр. Мұндай антропогенді күш тұяқты жануарлардың (уриалдар мен қарақұйрықтардың) басқа аумаққа, соның ішінде Үстірт қорығынан тыс жерге көшуіне түрткі болды.

ЖАЛҒАН | Қансу кенішінің аумағында жануарлар жоқ
«Қолдау-Экология» МО фотолары
ЖАЛҒАН | Қансу кенішінің аумағында жануарлар жоқ
«Қолдау-Экология» МО фотолары
ЖАЛҒАН | Қансу кенішінің аумағында жануарлар жоқ
«Қолдау-Экология» МО фотолары
ЖАЛҒАН | Қансу кенішінің аумағында жануарлар жоқ
«Қолдау-Экология» МО фотолары
ЖАЛҒАН | Қансу кенішінің аумағында жануарлар жоқ
«Қолдау-Экология» МО фотолары
ЖАЛҒАН | Қансу кенішінің аумағында жануарлар жоқ
«Қолдау-Экология» МО фотолары
ЖАЛҒАН | Қансу кенішінің аумағында жануарлар жоқ
«Қолдау-Экология» МО фотолары
ЖАЛҒАН | Қансу кенішінің аумағында жануарлар жоқ
«Қолдау-Экология» МО фотолары
ЖАЛҒАН | Қансу кенішінің аумағында жануарлар жоқ
«Қолдау-Экология» МО фотолары

Эксперттердің бағасы мен біздің пікіріміз бір арнада тоғысып отыр, бұл кен орнын игерудің салдары қорықтың экожүйесі үшін аса ауыр болады. Кен орнының қорық шекарасына тым жақын орналасуы және кеніш инфрақұрылымының дамуына, соның ішінде жаңа автокөлік жолдарының салынуына орай браконьерлік те артуы салдарынан қорықтың оңтүстік бөлігінен барлық ірі аң-құс жоғалып кетеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгендері де бар. Сонымен қатар, қорық ҚР Үкіметі қойған міндеттерін де толыққанды атқара алмайтын болады.

Қорықтағы жыртқыш құстардың көбеюіне Аққұдық және Төлеп елдімекендерін жалғастырып тұрған ауадағы орташа қуатты электр линиясы (6-10 вВ) да өз әсерін тигізіп отыр. Жыл сайын Кендірлі шатқалының тұсында осы электр желісінен ток соғып өлетін құстардың қатары азаймай отыр, оның ішінде ҚР Қызыл кітабына енгендері де бар (дала бүркіті, үкі, т.б.).

Қорықтағы және оның маңындағы тұяқты жануарлардың көбеюіне кері әсер етіп отырған фактордың бірі – Өзбекстанмен және Түркіменстанмен мемлекеттік шекараға тауешкі, қарақұйрық, ақбөкендер өтпеуі үшін жуырда тартылған сымтемір болып отыр.

ЖАЛҒАН | Қансу кенішінің аумағында жануарлар жоқ
Электр тогынан зақымданып өлген құстар, фото М.Пестовтікі
ЖАЛҒАН | Қансу кенішінің аумағында жануарлар жоқ
Үстірттегі сымтемір қоршау. Фото М.Пестовтікі

Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы С.О.Сағынбаевқа Қапланқыр шыңдары маңында тұяқты жануарлардың шекара аумағындағы қоршаудан кіріп-шығуын қамтамасыз ету қажеттігін негіздеген хат жіберілді.

Тиісті инстанцияларға актілер де жөнелтілді, онда ҚР Қызыл кітабына кіргізілген құстардың Аққұдық-Төлеп учаскесі маңындағы ауадағы электр желісінен ток ұрып өлгенін растайтын фактілер де келтірілген. Сондай-ақ, осы электр желісін құстарды қорғайтын арнайы құрылғымен жабдықтау туралы ұсыныс хат та жөнелтілді.

Қансу – Маңғыстау облысының Қарақия ауданы аумағында орналасқан газ кен орны. 2017 жылдың екінші жартысында Қансу кен орнында алғашқы бұрғылау жұмысын жүргізу жоспарланған. Игерілетін аумақ Үстірт қорығына тиіп тұр және республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясын қорық аумағында орналасқан. Бұл жер тек үстірт ғана емес, марстың ландшафты бар шөл де. Мұнда ежелгі қазындыларды да, Қызыл кітапқа енген жануарларды да көптеп кездестіруге болады, алайда мемлекет пайдалы қазбаларды игеруге басымдық беріп отыр.

Аударған Жұлдыз Әбділда

 

Factcheck.kz