Жалған | Алматылықтардың 80%-ы Көкжайлау құрылысын қолдаған

Ақпан айында 365info.kz порталы алматылықтардың 80%-ы Көкжайлау курортының құрылысын қолдаған деген тақырыппен материал жариялады.

Байбек
скрин 365info.kz сайтынан

Үкім: Жалған

Тақырып оқырманды шатастырып, әкім айтқан және журналистерге мәлім болған ақпаратты бұрмалап көрсеткен. Дегенмен, әкімнің сөзінде де, ақпаратта да назар аударатын мәселелер бар.

Жағдайды егжей-тегжейлі қарастырып көрсек.

Біріншіден, мәтінде Байбек айтты деген мынадай сөз келтіріледі:

– Қарсы болғандар шулай береді, бірақ біз әлеуметтік сауалнама жасадық, 80%-ы қолдады…

Әңгіме қандай да бір нақты сауалнама жөнінде емес, онда бүкіл алматылықтар немесе белгілі бір көрсеткіш бойынша іріктелгендер туралы да сөз жоқ. Яғни, тақырып әкімнің сөзін көрсетіп тұрған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, осы кездесуде қала басшысы мынадай да пікір айтқан: “Егер түптеп келгенде қала тұрғындары қолдамай жатса, шын мәнінде экологияға зардап келеді десек, оған түсіністікпен қараймыз және ондай жағдайда жоба болмайды…”

Яғни, Бауыржан Байбек қайсыбір сауалнамаға қатысқандардың 80%-ы қолдағанын (құрылысты) айтып отыр… Әрі Алматыда курорт құрылысына қатысты жалпыға ортақ референдум сияқты ешбір шара өтпегенін де естен шығармаған жөн.

Екіншіден…

Әкімнің сөзін кез келген жаққа бұрып әкетуге болады. Бұл арада басқа да қисынды сауалдар туады: зерттеу қайда, қашан, қалай және кімдердің қатысуымен жүргізілді? Қанша адамға сұрау салынды және қалай сұралды? Б.Байбек мұндай мән-жай туралы айтқан жоқ. Алматы әкімдігінің іздеу жүйесі де бұл мәселеге қатысты ешқандай нәтиже көрсетпейді, ал негізінде мұндай сауалнаманы дәл осы сайтқа салып қойса орынды болар еді.

Байбек Кок-Жайлау

Байбек Алматы Кок-Жайлау

Ал алматылықтардың пікіріне келсек, осы бір аса шетін мәселеге орай желіде сауалнамалар болған. Фейсбук желісіндегі I love Almaty парақшасында біз осы материалды жариялаған сәттегі нәтиже мынадай болатын:

Байбек
Дауыс бергендер саны: 1,9 мың адам

Vox Populi жүргізген сауалнама қорытындысы мынадай:

Байбек Алматы
Дауыс бергендер саны: 481 адам

Бұл сілтемеде қазір Фейсбук желісін қолданатын алматылықтар арасында сауалнамаға жауап беру қызу жүруде. Аз ғана күн ішінде 8 мың адам дауыс берген. Дауыс бергендердің дені курорт құрылысына қарсы.  

Бұдан шығатын түйін, жоғарыда келтірілген фактілер әкімнің сөзін теріске шығарады. Үш түрлі сауалнамада дауыс бергендердің басым көпшілігі курорт құрылысына қарсы.

Егер Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі factcheck.kz редакциясына әкім айтқан сауалнама қорытындысын ұсынса немесе оны ашық дереккөзде жарияласа, алғысымызды білдіреміз. Бейтараптық және объективтілік үшін оны жария етуге дайынбыз.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz