Фактчек | Наразылық шарасына қатысқан жасөспірімді оқудан шығарды

Сәуірдің 12-сі Facebook-те наурыз айында астана атауын өзгертуге наразылық білдірген жасөспірім колледжден оқудан шығарылды деген ақпарат тарады.  

Дамир Молдагул

Фейсбук топтарында қызу талқыланған жағдайға «Қазақстандағы бейбіт жиналыстар еркіндігі» мобильді тобының құқықтық көмек бойынша координаторы Ерлан Калиевтен басқа, Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова және журналист, қоғам қайраткері Марианна Гурина кірісті. (Ирина Смирнованың сәуірдің 14-і жарияланған жазбасын қараңыз)

Дамир МолдагулСондай-ақ мәселені ҚР білім және ғылым министрі Күләш Шәмшідинова өз бақылауына алды. Министр «егер жасөспірім заңсыз оқудан шығарылса, заң үстемдік етуі керек» деді.

Ары қарай түрлі ақпарат пайда бола бастады. Мысалы, сәуірдің 15-і Ирина Смирнова «…27. 03. 19 күні  жасөспірімнің анасы баласы оныншы сыныпқа көшкенін айтқан» (демек жасөспірім оқудан шығарылмады — Авт.) деген дерекпен бөлісті.

Кейіннен мәжіліс депутаты экономикалық мәселелер бойынша адвокат Жангелді Сүлейменовтың жазбасының арқасында Дамир Молдағұл педагогикалық колледждің шет тілдер мамандығына қайта қабылданғанын жазды.

Дамир Молдагул

Дамирдың қайта қабылданғанын адвокат Бауыржан Азанов та хабарлады.

Ал сәуірдің 15-і фб-қоғам оқудан шығарылған жасөспірімді Дамир Молдағұлов деп есептеп жүргенінде, бұл ақпарат жалған екені анықталды. Бұл жайлы қоғам қайраткері Ерлан Қалиев ресми кешірім сұрап, мәлімдеді.

Дамир Молдагул

Дамир Молдағұловтың ұсталғанын “растайтын” кадр Азаттық радиосының мақаласы болып шықты. Ерлан Қалиев телефон арқылы желіде тараған полиция қызметкерлері тұтқындаған фотодағы жасөспірім Алматы мектептерінің бірінде оқитын оқушы екенін айтты. Ал Дамир Молдағұловтың ісімен қорғаушы Ермұрат Мұқанов айналысуда.

Айтпақшы, фотодағы Дамир деп ойлаған жігіт те наурыздың 27-cі емес, 22-сі қамалған (Қазақстандағы адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросының Youtube каналындағы жазбасы мен күнін қараңыз)

Мәлімдеме: Азаттық радиосында жарияланған фотодағы жасөспірім – Дамир Молдағұлов

Үкімі: Шындық

Бұл ақпаратты Молдағұловтың қорғаушысы мен оның анасы Мейрамкүл Жанұзақова WhatsAрр-та  растады. Дамир МолдагулМына жерде Қазақстан адам құқықтарын қорғау және заңдылықты сақтау бюросы жариялаған видеоны көре аласыз. Видеода Дамир Молдағұлов деп қателесіп басқа жасөспірімді ұстау процессі бейнеленген. Өкінішке қарай, оның аты әлі анықталмады.

Қорғаушының айтуы бойынша наурыздың 22-сі Дамирды анасы Мейрамкүл Жанұзақовамен бірге қамаған. Ермұрат Мұқанов Мейрамкүлдің түсіндірме хатының мәтінін, телефонын тартып алу жөнінде Медеу аудандық ПБ протоколының фотосын және Медеу аудандық ПБ бастығы майор Қ.Б.Қасымбаевтың қолы қойылған Жанұзақованың қатысуымен іс жүргізіліп жатыр деген құжаттың фотосын ұсынды (сотқа дейінгі тергеу құжаттары) Сонымен қатар, қорғаушы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне сотқа дейінгі тергеу сатылары жөнінде ақпарат сұратқанын айтты.

Мәлімдеме: Дамир Молдағұлов колледжге қайта қабылданды

Үкімі: Шындық

Бұл ақпаратты Дамирдың қорғаушысы Ермұрат Мұқанов factcheck.kz авторымен жазысқан хатында растады.

Дамир Молдагул

Скринда жоғарыда айтылған телефонды тартып алу туралы протоколдың және сотқа дейінгі тергеу материалдары жайлы хаттың суреті ұсылынған.

Оқиға жайлы толығырақ “Азаттық радиосының” youtube арнасынан алынған мына видеодан көре аласыздар.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz