Фактчек | Ержан Рашев “Балкондағы адам” кітабының кейбір тұсын көшіріп алған ба?

Шамамен екі жыл бұрын қазақстандық желі авторы, қазір жазушы да болып үлгерген Ержан Рашевты бірнеше блогер “жазбаларын басқалардан көшіріп жазады” деп айыптап, Facebook-та үлкен шу болып еді. Блогер Aida Jexen Рашев жазбаларының тақырыбы мен мәтіндерінің кейбір тұстарын орыс тілді танымал авторлардың – Валерия Панюшкин, Саша Филипенко, Дмитрий Глуховскийдің, Виктор Шендерович пен Аркадий Бабченконың жазбаларына ұқсатқан. Ұзаққа созылған даудың ұшқыны болған жазбаны мына сілтемеден көрсеңіз болады. Желіде осыдан соң #рашеввор хештегі тарап кетті.
Сетевой плагиат в Казахстане
Жанжал біраздан соң басылғанымен, бұл даудың жаңғырығы ара-тұра естілуде. Жақында Ержан Рашевтың автобиографиялық “Балкондағы адам” атты кітабы жарық көрді. Кітаптың үзінділері Yvision мен t.me/yrashev телеграм-каналында жарияланған.

Кітапты тексеруіміздің себебі не?

Кітап жарық көргені сол еді Алекс Зубринов есімді қолданушы Рашевтың “Балкондағы адамы” мен Эдуард Лимоновтың “Бұл мен, Эдичка” кітабының кейбір тұстарында стилистикалық және мәндік ұқсастықтар барын байқағанын айтып, жазба жариялады.
Сетевой и литературный плагиат в Казахстане
Бұл туралы “Экспресс К” газетінде де материал жарыққа шықты. Енді, міне, біз де ондаған тарауы бар кітап түріндегі әдеби “еңбекті” фейбуктегі посттардай шағын емес, ауқымды түрде зерттеуге бекіндік. Антиплагиат.ру сайтында Рашевтың телеграм-каналында жарияланған кітап (тұтастай емес, үзінділері) тексерілді. Бұл сайт кез келген мәтінді интернет пен eLIBRARY.RU сайтында бар текстердің тіркестерін өзгертіп, я синонимдерімен салыстырып, сөздерді қойып я алып, сөз формасын құбылтып, сөйлем құрылымын өзгерте алатын модуль арқылы тексереді. Ұқсас тұстары белгіленіп отырады да, тексеру аяқталған соң мәтіннің қанша бөлігі желіден я қандай да бір кітаптан көшірілгені пайызбен көрсетіледі.

Үкім: Расымен де, Антиплагиат.ру сайтының мәліметінше, Ержан Рашевтың телеграм-каналында жарияланған кітап үзінділерінің 5 пайызы өзге еңбектерден көшірілген. Алайда қандай да бір азаматтың үстінен плагиат жасады (авторлық құқықты бұзды) деп арыздануға көшірілген үзінді авторының ғана құқылы.

Антиплагиат.ру арқылы тексеру

Нәтижесі былай боп шықты:
История сетевого плагиата в Казахстане
Шағын есептің бір бөлігі. 5,12 пайызы көшірілген
Нақтырақ (1-мысал):
Сетевой плагиат
Толық есептің бір бөлігі
История литературных заимствований в Казахстане
Үзінді алынған 8-кітап — Эдуард Лимоновтың «Гламур жұмақ балалары» кітабы.
История литературных заимствований в Казахстане
Үзінді алынған 7-кітап бойынша есептің бір бөлігі. Бұл кітап та Эдуард Лимоновтың «Гламур жұмақ балалары» кітабы деп көрсетілген.
2-мысал
Плагиат
Плагиат
Қосымша ақпарат: Эдуард Лимоновтың «Гламур жұмақ балалары» жинағы – “Глагол” мен “Альпин нон-фикшн” баспаларының бірігіп шығарған кітап.
3-мысал
Плагиат
У Эдуарда Лимонова крадут тексты
“Күңгірт кездегі бөтен” – Эдуард Лимоновтың 2007 жылы жарық көрген кітабы. Лимонов кітаптарының құқықтық иесі – көбіне автордың өзі мен баспа.
Антиплагиат.ру сайты Рашев кітабының кейбір үзінділері көшіріліп алынғанын анық байқауға болатын бірнеше мысал келтіреді

“Тараздың орталығы әбден тозық еді. Қаңырап тұратын қала нейтрон бомбасы құлаған мекенді еске салатын. Ескі тротуарды шөп басқан. Ғимараттарда түнерген терезелер үңірейеді. Революцияға дейінгі үлгідегі, қарайып кеткен үй-жайлардың түкпірінде не қажеті бары белгісіз ескі көліктер мен индустриалды өңдеуге арналған тот басқан кірлен байқалатын”. (Мәтін орыс тілінен аударылды.)

енді мынаған қараңыз:

“Си-Порттың маңы ол кездері әбден тозық еді. Қаңырап тұратын қала нейтрон бомбасы құлаған мекенді еске салатын. Ескі тротуарды шөп басқан. Ғимараттарда әйнегі сынған терезелер үңірейеді. Зауыттық типтегі, қарайып кеткен үй-жайлардың түкпірінде не қажеті бары белгісіз ескі көліктер мен балықты индустриалды өңдеуге арналған тот басқан кірлен байқалатын”. (Э.Лимоновтың “Қызыл ту астындағы кеме” кітабынан үзінді.) (Мәтін орыс тілінен аударылды.)

Немесе

“Византизм – христиандық тұрмақ мұсылмандықтың өзімен салыстырғанда әлдеқайда ұжымдық, қауымдық дін”. (Рашев) (Мәтін орыс тілінен аударылды.)

мына үзіндімен салыстырып көріңіз:

“Византизм – протестанттық тұрмақ католицизмнің өзімен салыстырғанда әлдеқайда ұжымдық, қауымдық дін”. (Э.Лимоновтың “Варварлардың жойылуы” кітабы. Алғаш рет 1990 жылы Собеседник №45, “Ауқатты бауырымыз біздің, Кальвин…” мақаласында жарық көрген.) (Мәтін орыс тілінен аударылды.)

Немесе

“Мен – қазақ халқының табиғи бөлігімін, менде мұнан өзгесі жоқ. Қазақтың жатырына біттім, қазақтың спермасынан ұрықтандым. Басқа бола алмаймын да, болғым да келмейді. Жауапкершілікті де сезінемін. Халқымның басқаша болғанын, даңқты, саналы, сау, турашыл, әділетті, дамыған, сабырлы болғанын қалаймын”. (Мәтін орыс тілінен аударылды.)

енді мына мәтінмен салыстырыңыз:

“Мен – орыс халқының табиғи бөлігімін, менде мұнан өзгесі жоқ. Орыстың жатырына біттім, орыстың спермасынан ұрықтандым. Басқа бола алмаймын да, болғым да келмейді. Халқымның алдындағы жауапкершілікті де сезінемін. Оның басқаша болғанын, даңқты, саналы, сау, турашыл, әділетті, дамыған, сабырлы болғанын қалаймын…” (Э.Лимоновтың “Ақырғы жебе” кітабы). (Мәтін орыс тілінен аударылды.)

Редакциядан

Біздің ойымызша, Антиплагиат.ру көрсеткен үзінділердің бәрі Рашевтың кітабына қатысты деп айтуға болмайды. Мәселен, 22-25-үзінділердің блогер кітабына көшіріліп басылған деп айтуға болмас еді. Одан бөлек, Алекс Зубринов есімді фейсбук қолданушысы “көшірілді” деп көрсетілген үзіндіні (жоғарыда айтылған) сайт елеусіз қалдырған. Жалпы Лимоновтың “Бұл мен, Эдичка” кітабындағы Лимоновтың Алматыға сапары туралы цитата ресуртың толық есебінде жоқ – тап Ержан Рашевтың Лимоновтың “Су кітабынан” алған үзіндісі сияқты.

Антиплагиат.ру ресурсы ұқсас деп тапқан нақты авторы мен тақырыбы бар кітаптар мен әңгімелер:
Америкадағы демалыс, Махаббаттың ұлы анасы, Күңгірт кездегі бөтен, Гламур жұмақ балалары, Энди Уорхолдың тиыны, Ірімшік іші, Павлодар, Ақырғы шабыс, Орыс түйсігі, Варварлардың жоғалуы, «Наполеон» конягі,  Бейбақтың күнделігі, Құпия дәптер. Шамамен бәрі – Лимоновтың еңбегі.
Бір қызығы, оның “Қызыл ту астындағы кемесі” “Наполеон” конягі” деп көрсетілген. Ал сайттың “Павлодар” дегені реферат болып шықты.

Эксперттер бағасы

Ержан Рашевтың атын фейсбук қолданушылары “плагиатпен” жиі байланыстырып жатады. Біз сарапшылардан бұл ұғым құқықтық жағынан қалай қарастырылатынын сұраған едік. Заңгер Мұрат Маметовтың жауабы мынадай болды: Ортақ ереже бойынша, заңсыз көшіру (плагиат) – автордың рұқсатынсыз не оның жұмысына сілтеме бермей қолдану, я жұмыс жарияланбай тұрып автордың келісімінсіз нәтижені тарату. Плагиат мынадай формаларда байқалады:
  • жарияланғалы жатқан мақалада басқаның мәтінін оның жұмысына сілтеме бермей қолдану;
  • мақалада біреудің мәтінін түпкі ойды өзгертпей сөздер мен тіркестерді алмастырып, өзгенің текстін пайдалану (парафраза/перефразалау);
  • техникалық құрылғылар мен амалдарды пайдаланып, меншіктеп алу фактісін (плагиат) жасыруға әрекет ету.
Бұл жағдайда Қазақстанның Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар жөніндегі Заңының 19-бабында сипаттамаға жүгіну керек. Онда қандай жағдайларда автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей, бiрақ туындысы пайдалынатын автордың есiмiн және қай деректен алынғаны мiндеттi түрде көрсетiле отырып, шығарманы пайдалануға рұқсат берілетіні жазылған. 1) заңды түрде жарияланған туындылардан түпнұсқа күйiнде және аударма түрiнде ғылыми, зерттеу, пiкiрталас, сыни және ақпараттық мақсатта, баспасөзге шолу ретiнде газеттер мен журналдар мақалаларынан алынған үзiндiлерiн қоса алғанда, дәйексөз алу мақсатына сай көлемiнде дәйексөз алу; 2) заңды түрде жарияланған туындыларды және олардан алынған үзiндiлерiн оқыту сипатындағы басылымдарда, радио және телехабарларда, дыбыс-бейнежазуларда алға қойған мақсатқа сай көлемде кіріс алмастан пайдалану; 3) ағымдағы экономикалық, саяси, әлеуметтiк және дiни мәселелер бойынша газеттерде немесе журналдарда заңды түрде жарияланған мақалаларды немесе эфирге берiлген осындай сипаттағы туындыларды жалпы жұртшылық назарына жеткiзу үшiн, автор тарапынан мұндай көшiрмелеуге, эфирге беруге немесе хабарлауға арнауы тыйым салынбаған жағдайларда, газеттерге көшiрiп басу, эфирге тарату немесе кабель бойынша хабарлау; 4) көпшiлiк алдында сөйленген саяси сөздердi, үндеулердi, баяндамаларды және басқа осы сияқты туындыларды ақпараттық мақсатқа сай көлемде жалпы жұртшылық назарына жеткiзу үшiн газеттерге көшiрiп басу, эфирге тарату немесе кабель бойынша хабарлау. Бұл орайда автордың мұндай туындыларды жинақтарда жариялау құқығы сақталады; 5) ағымдағы оқиғалар барысында көрiнген немесе естiлген ағымдағы оқиғаларды суретке түсiру немесе кинематография құралдары, эфирге тарату немесе жалпы жұртшылық назарына жеткiзу үшiн кабель бойынша хабарлау арқылы ақпараттық мақсатқа сай көлемде шолуларда көшiрмелеу немесе көпшiлiк назарына арналған хабар. Бұл орайда автордың мұндай туындыларды жинақтарда жариялау құқығы сақталады; 6) заңды түрде жарияланған туындыларды бедерлi-нүкте жазумен немесе зағип адамдарға арналған басқа да арнайы тәсiлдермен, осылайша көшiрмелеу үшiн арнайы жасалған туындыларды қоспағанда, пайда таппай көшiрмелеу; 7) кітапханалардың және мұрағаттардың туындының жоғалған немесе бүлінген даналарын ауыстыру мақсатында құқыққа сыйымды жарияланған туындыларды пайда алмастан цифрлық форматқа ауыстыру арқылы туындының жалғыз данасын қайта шығаруы, сондай-ақ өздерінің қорларынан туындыны қандай да бір себептермен жоғалтқан басқа да кітапханаларға туындының даналарын беру. Ал авторлық құқық жөнінде кеңес беретін заңгер Темірлан Төлегеновтің жауабы мынадай: “Заңда “авторлық құқықтың бұзылуы” деген ұғым бар. Авторлық құқық дегеніміз – жеке құқық. Сондықтан, қандай да бір плагиат тапсаңыз, бірақ кітап авторы я меншік иесі болмасаңыз, ештеңе деп даулай алмайсыз. Рашевтың “аман жүруі” де ешбір автор оған “әй” демеуінен. “Мұны” плагиат деп те, басқа деп те атауымызға болады. Бірақ бірдеңе деп арыздана алмағанымыздан, мұның бәрі – Рашевқа жарнама ғана. Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар туралы заңның 19-бабында көшіру мен дәйексөз алу режимі сипатталады. Кітапта, шынында да, басқа автор мәтінінің үзінділері бары анықталса, авторлық құқық бұзылған деп БОЛЖАУҒА болады. Не болса да, талап-тілекті тек туындының авторы, я меншік иесі, мәселен, баспа ғана айта алады. Сондықтан авторды табыңыз да, Рашев деген бар деп хабарлаңыз. Ол заңгерлерді жинап, талабын айтсын…” Біздің редакция бұлай еткелі жатқан жоқ, себебі factcheck.kz-тің мақсаты мен көздегені мүлде басқа нәрсе. Мәселен, жастарды сыни ойлауға дағдыландыру. Антиплагиат.ру есебінің электронды нұсқасын көргіңіз келсе, редакцияның электронды поштасына хат жазыңыз я әлеуметтік желілер арқылы бізбен байланысыңыз.

* Материалды қазақ тіліне аударған – Аян Қалмұрат

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz