Жалған | Қазақстан әскерінде 47 солдатқа бір генералдан келеді

Мамыр айының басында caravan.kz сайты және басқа да онлайн-ресурстар Қазақстан әскерінде 47 солдатқа бір генералдан келеді деген тақырыппен материал жариялады.

Казахстанская армия, численность

Үкім: Жалған

Тақырыптың өзі шындыққа жанаспайды. Кейде тілшілер материалды көшіріп басу кезінде тексттің мағынасына мән беріп қарамайды. ҚР Қорғаныс Министрлігі ҚР әскеріндегі солдаттар мен генералдардың саны туралы былай деп жауап берді:

медианет

Осылайша (келісім-шартпен жұмыс істейтін солдаттар мен офицерлерді қоспағанда) әр генералға 302 солдаттан келеді.
Материалға мән беріп қарасақ, сұрақ көбейеді. «Караван» материалы Central Asia Monitor жариялаған «Қазақстан әскері: ол шын мәнінде, өзбек және украин әскерінен әлсіз бе?» мақаласының көшірмесі. 47 солдат пен 1 генерал туралы әңгіменің пайда болуына сарапшы Нұрлан Әлниязовтың (Ортаазиялық даму корпусының вице-президенті) төмендегі пікірі себеп болған:

Сколько в казахстанской армии солдат и генералов

Яғни, бұл туралы сарапшыға 2004 жылы бізге белгісіз генерал айтқан. Ал, генерал 2004 жылғы ақпаратпен бөлісті ме, әлде одан бұрынырақтағы дерек пе, белгісіз. Өкінішке қарай, Қорғаныс Министрлігі бізге 2004 жылғы деректерді бермеді. Бұл сұраққа логикалық тұрғыдан жауап іздеп көрейік.

Әртүрлі ресми және ақпараттық ресурстардан алынған деректерді саралай келе, шын мәнінде әскерге шақырылғандардың саны жыл сайын азайғанын байқадық.

Жалпыға белгілі, ҚР әскері өткен жылдың қыркүйек айында әскерге шақыру санын көбейтеміз деп жоспарлаған болатын, бірақ келісім-шартпен жұмыс істейтіндердің санын арттырды. ҚР ҚМ ресми жауабынан көргеніміздей, жоспарлар жүйеленген.
Сараптауға қайта оралайық. Мәселен мына жерде 2015 жылы «әскери қызметке 29 мың адамды шақыру жоспарланғаны» туралы айтылады. Сонымен бірге, 2015 жылға қатысты статистикада қарулы күштер құрамындағы солдаттар саны жыл сайын төмендеп, 35% болғаны көрсетілген. Айтпақшы, 2004 жылғы маусым айының материалында 2004 жылдан бастап әскери қызмет мерзімі шақырылғандарға (матростар мен ӘТК старшиндары, шекара қызметкерлері, ішкі әскер және республикалық гвардияның солдаттары мен сержанттарынан басқа, олар 18 ай қызмет етеді) 2 жылдан 1 жылға қысқартылғаны туралы айтылады, ал келісім-шартпен қызмет етушілердің саны біртіндеп артуы керек. 2007 жылға тиесілі тағы бір қызықты ақпарат: Қазақстан әскеріндегі солдаттардың саны ширектен де аз (15-20%), – ал генералдар 34 адам.

Генералы, солдаты и контрактники в армии Казахстана
arba.ru сайтынан скрин

2004-2007 жылдар аралығында әскери генералдар саны он есеге азайғаны күмән тудырады (немесе әскер саны күрт артып кеткен) және 2004 жылы 1 генералға 47 солдаттан келетін еді. 2004 жылғы генералдардың саны қазіргідей 43 болған күннің өзінде сол уақыттағы әскер саны 2021 адамға тең болуы керек еді. Сонда ол кездегі Қазақстан әскерінің (солдаттарды, офицер мен басқа қызметкерлерді қосқанда) жалпы саны қанша болған?

Численность казахстанской армии по годам
Әлемдік деректер атласының статистикасы. Қазақстандық әскер санын әр ресурс әртүрлі есептейтінін ескергеніміз жөн. Көріп тұрғанымыздай, arba.ru авторы 2007 жылы 70 мың әскер болғанын айтса, әлемдік деректер атласының ақпаратында 81 мың адам көрсетілген.

Әскери контекст

Әскери күшті есептейтін Global fire power әлемдік рейтингінде 2018 жылы Қазақстан 50-ші орында тұр. Ортаазиялық көршілеріміз Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Тәжікістан елдері тиісінше 39, 91, 80 және 96 орындарға жайғасқан. Жалпы қорғаныс бюджетін, техникалық жабдықталуын, қызметтегі және резервтегі әскер саны мен басқа көрсеткіштерді (олар 40-тан көп) есепке алатын рейтингте жалпы саны 136 ел бар. Ал 1-ші және 2-ші орындарда АҚШ пен РФ.

Қызық үшін Қазақстан әскерін рейтингтегі ең мықты әскермен салыстырып көрейік.

Армия Казахстана и США

Кей жерде біз АҚШ-тан алда екенбіз. Мәселен, басқа елдермен шекараның ұзындығы. Біздікі 13364, олардыкі 12048 км. Ал кей тұстарда жақын. Мұнай қоры бізде 30 млрд баррель, ал оларда 36,52 млрд. Патрульдік кемелер бізде – 12, оларда – 13 (!). Артиллериялық қару бізде – 744, оларда – 795. Толық салыстыруды мына жерден көре аласыздар.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz