ЖАЛҒАН | Германия – Қазақстаннан гуманитарлық көмек алатын негізгі ел

Жуырда 365info.kz сайты Қазақстанның 2017 жылдың І тоқсанында Еуразиялық экономикалық қауымдастық аумағынан тыс елдерге 105 тоннадан астам гуманитарлық көмек жібергенін, гуманитарлық көмек алған негізгі ел Германия екенін айтып, материал жариялаған болатын. Factcheck.kz анықтауынша, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Үкім: Жалған

365info.kz сайты ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасаған. Алайда, Комитет Қазақстанның Германияға ешқандай да гуманитарлық көмек көрсетпегенін айтып отыр. Керісінше, Қазақстанға Германиядан баспа өнімдері, киім-кешек, кір жуатын мәшинелер, компьютерлік томографтар, тағы да басқа өнімдер гуманитарлық көмек ретінде келген.

Қазақстан Республикасының гуманитарлық көмек ретінде экспорттық және импорттық жеткізілімдері 

Мемлекет атауы ТНВЭД коды Тауар атауы Импорт

 

ҚұныАҚШ долл. Саны, тонн
ГЕРМАНИЯ 490290 Прочие газеты, журналы и прочие периодические издания, иллю 7 818,7 2 184,0
ГЕРМАНИЯ 570110 Узелковые ковры и прочие текстильные напольные покрытия, го 504,0 120,0
ГЕРМАНИЯ 630900 Одежда и прочие изделия, бывшие в употреблении 132 612,2 76 450,0
ГЕРМАНИЯ 845012 Стиральные машины, бытовые или для прачечных, со встроенным 1 726,6 528,0
ГЕРМАНИЯ 871200 Велосипеды двухколесные и прочие виды велосипедов (включая 13 222,4 324,0
ГЕРМАНИЯ 871310 Коляски для людей,не способных передвигаться без механическ 10 073,5 335,0
ГЕРМАНИЯ 901813 Магнитно-резонансные томографы 569 194,1 10 846,0
ГЕРМАНИЯ 902110 Приспособления ортопедические или для лечения переломов 3 739,6 66,0
ГЕРМАНИЯ 940161 Мебель обитая для сидения с деревянным каркасом прочая 15 880,6 595,0
ГЕРМАНИЯ 940169 Прочая мебель для сидения с деревянным каркасом 325,1 32,0
ГЕРМАНИЯ 940310 Мебель металлическая типа используемой в учреждениях 2 656,9 326,0
ГЕРМАНИЯ 940330 Мебель деревянная типа используемой в учреждениях 1 592,3 275,0
ГЕРМАНИЯ 940350 Мебель деревянная типа спальной 242,0 440,0
ГЕРМАНИЯ 940429 Матрацы из прочих материалов 4 016,7 876,0
ГЕРМАНИЯ 940690 940690 63 707,5 4 355,0
КОРЕЯ, РЕСПУБЛИКА 847149 Прочие машины вычислительные цифровые, поставляемые в видес 77 970,0 407,1
КОРЕЯ, РЕСПУБЛИКА 847160 Устройства ввода или вывода, содержащие или не содержащие в 5 244,0 48,3
НИДЕРЛАНДЫ 851762 Аппараты телефонные, включая аппараты телефонные для сотовы 2 255,5 8,3
НИДЕРЛАНДЫ 851770 Аппараты телефонные, включая аппараты телефонные для сотовы 1 260,8 0,9
НИДЕРЛАНДЫ 854442 Оснащенные соединительными приспособлениями 25,7 0,3
САУДОВСКАЯ АРАВИЯ 901812 Аппаратура ультразвукового сканирования 37 830,6 126,0
ТАИЛАНД 382200 Реагенты диагностические или лабораторные, на подложке и пр 9 717,0 40,0
ТУРЦИЯ 850211 Установки электрогенераторные с поршневым двигателем внутре 21 986,0 2 140,0
ТУРЦИЯ 850212 Установки электрогенераторные с поршневым двигателем внутре 51 973,0 4 560,0
СОЕДИНЕННЫЕ ШТАТЫ 382200 Реагенты диагностические или лабораторные, на подложке и пр 660,0 40,0

Мемлекеттік кіріс Комитетінің берген жауабынан

365info.kz сайты Қазақстанның Германияға 827,3 мың доллардың көмегін жөнелткенін айтқан. Ал 2017 жылғы 13 наурыз күнгі Үкімет сағатында ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Владимир Божко Қазақстанның өзге елдерге жіберген гуманитарлық көмегінің жалпы сомасы 10 миллиард теңгеден асатынын айтқан.

zakon.kz
Скриншот zakon.kz сайтынан
inform.kz
Скриншот inform.kz сайтынан
tengrinews.kz
Скриншот tengrinews.kz сайтынан

Алайда, Қазақстаннан гуманитарлық көмек алған елдердің арасында Германия жоқ. Қазақстаннан Германияға ешқандай гуманитарлық көмек жіберілмегенін Германияның Қазақстандағы елшілігі де растап отыр.

Factcheck.kz