Шындық | Индонезиядағы сайлаудан кейін 500-ден аса сайлау комитетінің қызметкері қайтыс болды

12 мамыр күні Zakon.kz сайты РИА “Новостиге” сілтеме бере отырып материал жариялады. Онда бір уақыттағы президент, ұлттық дәрежедегіден аудандыққа дейінгі заң шығарушылық жиналыс депутаттарын сайлау кезінде сайлау мекемелеріндегі жұмыс пен одан кейінгі дауысты есептеуден қатты шаршаған сайлау комитетінің 496 қызметкері қайтыс болған (негізгі себептері инсульт пен инфаркт), қайтыс болғандар 50-ден 70 жасқа дейінгі аралығындағылар, одан бөлек 2,5 мың адам ауруханаға түскен. Материалда Индонезиядағы сайлау 21 сәуір күні өтті делінген.

Шындық | Индонезиядағы сайлаудан кейін 500-ден аса сайлау комитетінің қызметкері қайтыс болды

РИА «Новости» сингапурлық The Straits Times басылымына сілтеме берген екен. Онда сайлау комитетінің 318 қызметкері қайтыс болып, 2232-і сырқаттанып қалғаны және сайлау 17 сәуір күні өткендігі айтылған.

Шындық | Индонезиядағы сайлаудан кейін 500-ден аса сайлау комитетінің қызметкері қайтыс болды

Басылымның айтуынша, бұл әлемдегі ең үлкен және ең күрделі сайлау болған. Ары қарай материалдан алынған фактлер:

Сайлауға 240 000 адам өз үміткерлігін ұсынған. Индонезиялықтар бірінші рет президент сайлауы мен заң шығарушылық жиналыс өкілдерін сайлады. Индонезиядағы дауысты есептеу көпдәрежелі жүйеден тұрады.

Алғашында бюллетеньдер 800 000-нан аса (нақтырақ 810 193) сайлау учаскелерінде қолмен есептелді. Кейбіріндегі есептеулер түн ортасына дейін жалғасты. Одан соң нәтижелерді аймақтық, аудандық және шет аймақтық бөлімшелерде есептеді, тек содан кейін ғана бюллетеньдерді Джакартадағы ұлттық санаққа жіберді (нәтижесі 22 мамыр күні жарияланады). Сайлау комитетінің қызметкерлеріне екі түн қатарынан жұмыс істеуге тура келген (сайлау күндері күндіз де – Авт.) және олар дауысты есептеу кезінде қателесіп кетпеуге бар күшін салғандықтан стрессте болған.

Қазіргі заңға сәйкес сайлау учаскесінде дауысты қолмен есептеу сол күні аяқталуы керек (түнге дейін), ал Жоғарғы соттың жарлығы оның үзіліссіз 12 сағатқа созылуы мүмкін екендігін қарастырады.

Үкім: Шындық

Сайлау басталған күннен стресстен зардап шеккен сайлау комитеті қызметкерлерінің саны біртіндеп көбейді. Сайлау салдарын жеңілдету және сайлау комитеті қызметкерлерінің өлімі немесе сырқаттануының алдын алу үшін жұмыс тобын құрған индонезиялық жедел медициналық қызмет комитетінің ақпаратынша 2019 жылдың 4 мамырында 525 адам қаза тауып, 3778 адам науқастанып қалған.

10 мамыр күні Комитет сайтында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп жұмыс істеп жатқандығы туралы хабарлады. Комитет сайлау комиссиясы қызметкерлерінің өлімінің себептерін анықтап, қаза болғандар саны көбейіп кетпеу үшін алдын алу шараларын жасаса, Ұлттық комиссия – оқиғаға тергеу жүргізеді.

8 мамыр күні мекеме 2019 жылғы сайлаудан зардап шеккендерге көмек деген алгоритмі бар ақпарат жариялады. Инфографикадан 4 мамыр күні қайтыс болған сайлау комитеті қызметкерлерінің саны 525 адам, науқастанғандар саны  3778 адам болғанын көреміз.

Шындық | Индонезиядағы сайлаудан кейін 500-ден аса сайлау комитетінің қызметкері қайтыс болды

3 мамыр күні Комитет ұлттық-демократиялық сайлау гуманитарлық апатқа себеп болғанына алаңдаушылық білдіретінін және қайғыратынын жеткізген баспасөз релизін жариялады. Сонымен қатар, комитет үкіметті тергеу амалдарын жүргізіп, зардап шеккендер санына шектеу қою үшін амалдар қарастыруға шақырады және салдарын жеңілдету мақсатында жұмыс тобын құратынын мәлімдеген. Баспасөз релизінде бұл топта ішкі аурулардың мамандары, кардиологтар, реабилитация, еңбек қауіпсіздігі, неврология, криминалистика және психология саласының мамандары болатыны айтылған.

Жұмыс стихиялық апаттармен  күрес түрінде жүргізіледі.

Шындық | Индонезиядағы сайлаудан кейін 500-ден аса сайлау комитетінің қызметкері қайтыс болды

Сонымен қатар, сайлау комиссиясы қызметкерлері кез-келген уақытта хабарласа алатын медициналық көмек колл-орталығы ашылатыны хабарланған. Баспасөз релизі жарияланған уақытта қайтыс болғандар саны 412, науқастанғандар 3658 болатын.

25 сәуір күні индонезиялық Tempo басылымы Палата өкілдерінің спикері Бамбанга Соэсатионың сайлау заңнамасын қайта қарауға келісетінін мәлімдегенін жариялады. Сол кезде болған оқиға нағыз гуманитарлық апат екені анық болды.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz