Манипуляция | 8-9 маусым күні сайлау туралы жазған адамға 38 мың тг айыппұл салып, арнайы есепке алу базасына кіргізеді

Сайлау науқаны жақындаған сайын әлеуметтік желілерде түрлі алып-қашпа әңгімелер таратылып жатыр. Соның бірі WhatsApp-та тараған мына ақпарат:

Манипуляция | 8-9 маусым күні сайлау туралы жазған адамға 38 мың тг айыппұл салып, арнайы есепке алу базасына кіргізеді
WhatsApp-та таралған ақпарат

Мәтінге қарайтын болсақ, сайлау туралы ештеңе жазбау керектігін ескерткен, әсіресе 8 және 9 маусым күндері. Егер жазған жағдайда 38 мың көлемде айыппұл салынатынын және ҚР Бас Прокуратурасының арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің базасына тіркелетіндігі туралы ақпарат тарап жүр.

Үкім: Манипуляция

ҚР Сайлау туралы заңында арнайы “Сайлау алды үгіт насихат” деген тарау бар. Осы тараудағы 27-бап 2-тармағын анықтап қарайтын болсақ былай жазылған:

 Сайлау алдындағы үгiт кандидаттар тiркелген мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Қайтадан дауыс берудi өткiзген кезде сайлау алдындағы үгiт қайтадан дауыс беру күнi тағайындалған күннен басталып, сайлау болатын күннiң алдындағы күнгi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады”.

Манипуляция | 8-9 маусым күні сайлау туралы жазған адамға 38 мың тг айыппұл салып, арнайы есепке алу базасына кіргізеді
ҚР Сайлау туралы заңы, 5-тарау 27-бап 2-тармағы

Яғни, үгіт насихат сайлау болатын күннің алдындағы күні аяқталады. Біздің елде сайлау 9 маусым күні болатынын ескерсек, 8-9 маусым күні сайлау алды үгіт насихат толығымен тоқтайды. Ал, 32-бабының 1-тармағына қарайтын болсақ:

“Сайлау болатын күнi және оның қарсаңындағы күнi кез келген үгiтке тыйым салынады”.

Манипуляция | 8-9 маусым күні сайлау туралы жазған адамға 38 мың тг айыппұл салып, арнайы есепке алу базасына кіргізеді
ҚР Сайлау туралы заңы, 5-тарау 32-бап 1-тармағы.

Бұл жерде сайлау болатын күні және қарсаңындағы күні болатын кез келген үгітке тыйым салынатынын аңғарамыз, яғни қандай да бір кадидатты жарнамалауына, бағдарламасын көрсетуіне және т.б. осы сияқты насихатқа тиым салынған. Ал, жалпы сайлауға қатысты ақпарат тарату туралы жазылмаған және “8-9 маусым сайлау туралы ештеңе жазбаңдар” деген ақпарат контексттен алынған. Яғни дәл сол күндері сайлау туралы емес, тек үгіт насихат туралы жазуға болмайды.   

Айыппұлға оралайық

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 102-бабында былай жазылған:

“Кандидатты, саяси партия ұсынған партиялық тізімді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін, сайлау болатын күні не оның қарсаңындағы күні сайлау алдындағы үгітті жүргізу, сондай-ақ республикалық референдум өткізілетін күні не оның қарсаңындағы күні үгіт жүргізу – жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады”.

Манипуляция | 8-9 маусым күні сайлау туралы жазған адамға 38 мың тг айыппұл салып, арнайы есепке алу базасына кіргізеді
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңы 11-тарау 102 бабы

2019 жылы АЕК 2525 тг екенін ескерсек, жеке тұлғаларға салынатын 15 АЕК 37,875 теңгеге шақ келеді. Яғни, сайлау болатын күні және қарсаңындағы күні қандай да бір ҚР азаматы үгіт насихат жүргізетін болса 15 АЕК = 37,875 теңге айыппұл төлейтін болады. 

Арнайы есепке алу базасы туралы

Осы тақырып жөнінде Factcheck.kz сайты заңгер Ғабдул-Ғайни Әбутәліптің пікірін білген болатын. Заңгердің былай дейді:

“ҚР Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңының 12-бап 3-тармақ 6-тармақшасында “әкімшілік жауапқа тартылған адамдарды арнайы есепке алуды жүзеге асыру” туралы жазылған. Яғни, сайлау алдындағы үгіт насихат әкімшілік құқық бұзушылықпен қарастырылатын ескерсек, оны бұзған кез келген азамат арнайы есепке алу комитетінің базасына тіркеледі.

Бұл жерде қорқатын ештеңе жоқ, есепке тұрғызылған кезде ол адам туралы ақпарат адамның келісімінсіз немесе уәкілетті органардың рұқсатынсыз еш жерде жарияланбайды және қолданылмайды. Жұмысқа тұрғанда да, басқа кезде де кедергі келтірмейді. Тек сол құқықбұзушылықты қайта жасамаса болғаны.

Ал, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 61-тарауына (бабына, – ред.) қарайтын болсақ әкiмшiлiк жаза қолданылған тұлға әкiмшiлiк жазаны орындау аяқталған күннен бастап бiр жыл ішінде осы жазаға тартылды деп есептеледi”.  

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz