Фактчек | Б. Атамқұловтың Қазақстан мен Ресей шекарасына қатысты мәлімдемелері

26 маусым күні мәжіліс “Қазақстан және Ресей шекара маңындағы аумақ тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы” Заң жобасын мақұлдады. Сол жерде ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов мынадай мәлімдеме жасаған болатын:

«Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара 7500 шақырымнан асады және бұл әлемдегі ең ұзын шекара болып табылады. Қазір Қазақстан – Ресей шекарасында 51 өткізу бекеті бар. Оның 30-ы – автокөлік, 20-сы – теміржол және біреуі өзен арқылы өтетін пункт. Сонымен бірге шекара маңындағы тұрғындарға арналған 86 өту бекеті жұмыс істейді»

Factcheck.kz Сыртқы істер министрі айтқан мәлімдеменің растығын тексерді.

«Қазір Қазақстан-Ресей шекарасында 51 өткізу бекеті бар. Оның 30-ы – автокөлік, 20-сы – теміржол және біреуі өзен арқылы өтетін пункт».

Үкім: Шындық

«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылы 4 шілдедегі Заңның 11-бабының 3-тармағы және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылы 16 қаңтардағы ҚР Заңының 19-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы еткен болатын: 

Өзен арқылы Ресей Федерациясымен байланыстыратын екі жақты байланыс шекарасы: 

  • Үрлітөбе, Павлодар облысы

Ресей Федерациясымен теміржол арқылы жүк және жолаушылар өткізу шекара пункттері:

Көпжақты байланысқа арналған шекара бекеттері: 

  • Ганюшкино, Атырау облысы
  • Жайық, Батыс Қазақстан облысы
  • Сайхин, Батыс Қазақстан облысы
  • Жәнібек, Батыс Қазақстан облысы
  • Шыңғырлау, Батыс Қазақстан облысы
  • Киргильда, Ақтөбе облысы
  • Жайсан, Ақтөбе облысы
  • Аксу, Қостанай облысы
  • Боскөл, Қостанай облысы
  • Қайрақ, Қостанай облысы
  • Мағынай, Қостанай облысы
  • Пресногорьковская, Қостанай облысы
  • Мамлютка, Солтүстік Қазақстан облысы
  • Булаево, Солтүстік Қазақстан облысы
  • Уалиханов, Павлодар облысы
  • Мыңкүл, Павлодар облысы
  • Шарбақты, Павлодар облысы
  • Ауыл, Шығыс Қазақстан облысы
  • Шемонаиха, Шығыс Қазақстан облысы
  • Жезкент, Шығыс Қазақстан облысы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері: 

Көпжақты байланысқа арналған шекара бекеттері: 

  • Кұрманғазы, Атырау облысы
  • Тасқала, Батыс Қазақстан облысы
  • Сырым, Батыс Қазақстан облысы
  • Ақсай, Батыс Қазақстан облысы
  • Әлімбет, Ақтөбе облысы
  • Жайсан, Ақтөбе облысы
  • Қайрақ, Қостанай облысы
  • Ақбалшық, Қостанай облысы
  • Жаңажол, Солтүстік Қазақстан облысы
  • Қарақоға, Солтүстік Қазақстан облысы
  • Қызыл Жар, Солтүстік Қазақстан облысы
  • Үрлітөбе, Павлодар облысы
  • Қосақ, Павлодар облысы
  • Шарбақты, Павлодар облысы
  • Ауыл, Шығыс Қазақстан облысы
  • Үбе, Шығыс Қазақстан облысы
  • Жезкент, Шығыс Қазақстан облысы

Екі жақты байланыс үшін ашық пунктер:

  • Жәнібек, Батыс Қазақстан облысы
  • Орда, Батыс Қазақстан облысы
  • Шаған, Батыс Қазақстан облысы
  • Қарашатау, Актюбинская область
  • Қондыбай, Қостанай облысы
  • Желқуар, Қостанай облысы
  • Аят, Қостанай облысы
  • Обаған, Қостанай облысы
  • Бидаик, Солтүстік Қазақстан облысы
  • Амангелді, Павлодар облысы
  • Найза, Павлодар облысы
  • Байтанат, Шығыс Қазақстан облысы
  • Қоянбай, Шығыс Қазақстан облысы

Расымен де, Ресей Федерациясы мен Қазақстанды байланыстыратын 51 өткізу пункті бар. Олардың 30-ы автомобиль, 20-сы теміржол және біреуі өзен арқылы өтеді.

«Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара 7500 шақырымнан асады»

Үкім: Шындық

ҚР Ұлттық экономика министірлігі, статистика комитетінің ресми дерегінше Қазақстан мен Ресейдің шекарасы 7591 км қашықтықты құрайды.

Фактчек | Б. Атамқұловтың Қазақстан мен Ресей шекарасына қатысты мәлімдемелері
Скриншот ҚР Ұлттық экономика министрлігінің құжатынан алынды.

«Бұл [Қазақстан мен Ресейдің шекарасы – ред.] әлемдегі ең ұзын шекара болып табылады.

Үкім: Техникалық қате

Барлық шекара пунктерін қосқанда Ресей мен Қазақстан шекарасы расымен әлемдегі ең ұзын шекара болып саналады.

Бірақ, Канада статистика басқармасының дерегінше, АҚШ пен Канаданың шекара ұзындығы 8890 км қашықтықты құрайды. Одан бөлек, бұл әлемдегі ең ұзын шекара екені жазылған.

Фактчек | Б. Атамқұловтың Қазақстан мен Ресей шекарасына қатысты мәлімдемелері
statcan.gc.ca сайтынан скрин

Канада мен АҚШ арасындағы шекара ұзындығы мемлекетаралық шекара жөніндегі комиссияның ресми сайтында да жазылған. (International Boundary Comission). Бірақ, мұнда АҚШ пен Канада шекарасының ұзындығы екіге бөлінген. Алғашқысы 2475 км, ал екіншісі 6416 км ұзындығын көрсетуде.

Сондықтан да бұл —  техникалық қателік. Себебі, спикер шекара ұзындығын нақты қай тұрғыда бірінші екенін айтып өтпеді.

 

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz