Арыста химиялық және биологиялық қару болды ма?

24 маусым күні Арыста ТЖ басталған кезде Tengrinews жаңалықтар порталы ҚР қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Әмірбек Тоғысовтың мәлімдемесін жариялады: «Онда химиялық және бактериялық қару жоқ. Ол бұрын халықаралық комиссия мен мекемелердің қадағалауымен ресми түрде жойылған» (орыс тілінен аударылды).

Біз бұл күндері әлеуметтік желілерде «таныс әскери қызметкер химиялық қаруы бар жерасты қоймалары туралы айтты» деген сынды жорамалдар мен пікірлерге жиі кезігеміз. 

Мәлімдеме: «Онда химиялық және бактериялық қару жоқ»

Үкім: Шындық

Арыстағы әскери бөлімнің қоймаларында химиялық, бактериялық және ядролық қару жоқ. Қарудың бұл түрлері халықаралық ұйымдардың қадағалауымен және соған сәйкес Қазақстанның халықаралық актіге қол қоюымен жойылған. 

Химиялық қару

1993 жылы Қазақстан Химиялық қаруды әзірлеуге, өндіруге, жинақтау мен қолдануға тыйым салу және оны жою туралы Конвенцияға қол қойды, ал 2000 жылы құжатты ратификациялады, құжатқа сәйкес:  Әрбір қатысушы мемлекет өзінің меншігіндегі немесе қарауындағы немесе өзінің заңды құқығымен немесе бақылауымен кез келген жерде орналастырылған химиялық қаруды жою жөніндегі кез келген объектілерге тұрған жерінде инспекциялау арқылы ұдайы тексеру және тұрған жерінде орнатылатын приборлардың көмегімен байқау жасау мақсатында көруге рұқсат береді (IV бап, 5-тармақ)…

IV бап, 6-тармақ. Әрбір қатысушы мемлекет Тексеру жөніндегі қосымшаға сәйкес 1-тармақта көрсетілген және жоюдың келісілген қарқыны мен реттілігіне сәйкес (бұдан әрі «жою тәртібі» деп аталады) барлық химиялық қаруды жояды. Мұндай жою осы Конвенция өз күшіне енген соң екі жылдан кешіктірілмей басталады, және осы Конвенция күшіне енген соң 10 жылдан кешіктірілмей аяқталады. Қатысушы мемлекеттің мұндай химиялық қаруды мейлінше тез қарқынмен жоюына тыйым салынбайды. 

Осылайша, Конвенцияға сәйкес Қазақстанда бар барлық химиялық қару 2010 жылы жойылуы керек болатын. 

Тарихқа экскурс

Қазақстан аумағында (КСРО кезінде) павлодар химиялық зауытында шынында химиялық қаруға (ХҚ) арналған химиялық прекурсор-заттар өндірілген. КСРО өндірістің толық циклының сызықтар монтажы аяқталғанға дейін химиялық қару жасау бағдарламасын тоқтатып, зауыт қару жасамаған. 1991 жылы зауыт конверсиядан өтіп азаматтық маңызы бар өнімдерді шығара бастады. Мына жерде, Қазақстан аумағында ХҚ немесе ХҚ-ға арналған зат сол кездегі Жамбылда (Тараз) өндірілгені және өнім Іле өзенінде орналасқан қоймада сақталғаны айтылған. Дегенмен, халықаралық The Nuclear Threat Initiative (NTI) ұйымы сілтеме беріп отырған дереккөзден біз ештеңе таппадық. 

Биологиялық қару

Химиялық қарумен қатар, 2007 жылы Қазақстан биологиялық қаруға қатысты, оны дайындауға өндіруге және бактериялық (биологиялық) және токсиндік қарудың қорын жинауға тыйым салатын және оларды жоюға арналған Конвенцияға қосылды. 

Жалпы 2007 жылға дейін де мемлекет конверсия жолымен кететінін мәлімдеген. Мына жерде кеңестік кезеңдегі биологиялық қаруға қатысты қазақстандық объектілер мен олардың конверсияға көшкені туралы бар. 

2004 жылдың желтоқсанында Астана мен Вашингтон биологиялық қарудың таралу қаупін төмендететін келісімге қол қойды, келесі бір келісім 1995 жылы Қауіпті азайтуға арналған бірлескен бағдарлама, Нанна-Лугара бағдарламасы деген атпен танымал болатын. Бағдарламаның бір бөлігі БҚ мен патогендік микроағзалардың таралуының алдын алуға қатысты болды. АҚШ қорғалған орталық сақтау қоймаларындағы қауіпті биологиялық агенттерді шоғырландыру мен БҚ-ға қатысты құрылғы мен инфрақұрылымды тарату жұмысын қаржыландырды (35 млн. USD). 

Мына жерде 1999 жылғы дереккөздер арқылы құрастырылған Қазақстандағы БҚ-ға қатысты карта бар. 

1993 жылы Ұлттық биотехнология орталығы құрылды (ҰБО, қазір РММ Ұлттық биотехнология орталығы), оның құрамына кеңес кезінің әскери және азаматтық маңызы бар ірі биотехнологиялық объектілері кірді, нақтырақ айтсақ, Отардағы Ғылыми-зерттеу ауылшаруашылық орталығы және Степногор микробиология ғылыми-зерттеу институты.

Ресми мәлімдемелерге сәйкес, Возрождения аралындағы бұрын болған объектінің аумағы да қазір қауіп тудырмайды. 

Ядролық қару туралы

1993 жылы Қазақстан ядролық қаруды таратпау туралы Келісімді ратификациялады, соған сәйкес мемлекет ядролық қарусыз ел дәрежесіне ие. 

1995 жылдың сәуірінде Қазақстан Ресейге осында бар барлық ядролық оқтұмсық (1400 данадан аса), құрлықаралық баллистикалық ракеталар және оның құрылғыларын жіберді, ал 1995 жылы ел аумағында қалған жеті ауыр бомбалаушылардың демонтажын аяқтады. 

 

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz