Шындық | Аймағамбетов: мектепке қабылдау үшін мекенжай анықтамасы қажет емес

2018 жылдың 22 тамызында бірнеше ақпарат құралдарында мектепке оқуға қабылдау кезінде мекенжай бойынша тіркелуді растайтын анықтаманың қажеті жоқ деген ақпарат шықты. 

Шындық | Аймағамбетов: мектепке қабылдау үшін мекенжай анықтамасы қажет емесЖаңалықтар мәтінінде Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов ата-аналардың “біздің балаларымызды мекенжай анықтамасынсыз мектепке қабылдамайды” деген арызына жауап ретінде айтқаны жазылады. 

Мәлімдеме: “Бірінші сыныпқа қабылдау үшін мекенжай анықтамасы керек емес”

Үкім: Шындық

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 Қаулысында шынымен де бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мекенжай анықтамасының керек екені туралы айтылмаған.

Бұл туралы Асхат Аймағамбетовтің өзі былай деген еді: 

«Бірінші сыныпқа қабылдау тақырыбына келер болсақ, мұндайда тек заңға жүгіну керек. Бізде білім туралы заң,  үкіметтің 127-қаулысы, мектепке қабылдау ережелері бар. Оларда ата-аналардың аталған құжаттарды тапсыруы керектігі туралы айтылмаған. Сондықтан да, мекенжай анықтамасы талап етілмейді. Ата-аналар балаларын кез-келген білім беру ұйымына қалауы бойынша беруге құқылы».

Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов мектепте орын болмаған жағдайда білім беру ұйымдары баланы қабылдаудан бас тартуы мүмкін екендігін де атап өтті.

Мәлімдеме мәтіні орыс тілінен аударылды, толықтай тыңдау үшін аудиожазбаны басыңыз:

Журналист factcheck.kz

Factcheck.kz