Ресейде ер адамдарға әуе билеті сатылмай ма?

Желіде ресейлік әуе компанияларына 18 бен 65 жас аралығындағы ер адамдарға билет сатуды тоқтатуға бұйрық берілгені туралы ақпарат тарап жатыр. Reuters фактчекерлері ақпарат қаншалықты рас екенін тексерді.

Желідегі хабарлама Ресей президенті Владимир Путиннің 21 қыркүйектегі «мобилизация» туралы мәлімдемесінен кейін тарай бастады (мұнда, мұнда және мұнда). Кейін оның аясында 300 000 резервтегі әскерилер шақырылатыны хабарланды.

Алайда дәл қазіргі уақытта Ресейде ұшуға қандай да бір шектеулер қойылып жатқанына қатысты ешқандай дәлел жоқ.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, ресейлік туризм агенттігінің басшысы әзірге шетелге шығуға ешқандай тыйым енгізбегенін хабарлаған. Ал елдегі ең ірі әуе компаниясы Аэрофлот билет сатуды шектемейтінін хабарлады.

Сонымен қатар, Politico сайты “Авиаторство” Telegram арнасындағы жазбаға сілтеме жасап, Аэрофлот пен S7 ресейлік тасымалдаушысы мобилизациядан кейін билеттерді сатуға ешқандай шектеу қоймағанын жазды.

Осылайша, 2022 жылғы 22 қыркүйектегі ақпаратқа сәйкес, әуе компанияларына 18 бен 65 жас аралығындағы ер адамдарға билет сатуды тоқтатуға бұйрық берілгенін растайтын дәлел жоқ.

Factcheck.kz