Манипуляция | Оксфорд академиясы ҚР қорғаныс университетін ең беделді жоғары оқу орны деп таныды

2018 жылдың 19 сәуірінде «Хабар24» арнасы ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетін Оксфорд академиясы әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарының қатарына қосты деп хабарлаған болатын.

Үкім: Манипуляция

Оксфорд университетінің бұл марапатқа қатысы жоқ, ал марапаттың өзі ақшаға сатылады.

«Лондонда Халықаралық Сократов марапатын тапсыру рәсімі өтті. Оған Біріккен Корольдықтегі біздің тілшіміз Ғалымжан Қараманұлы қатысып қайтты», деді телекөрермендерге диктор Альфия Хайдарова (орыс тіінен аударылды).

Содан кейін арна тілшісі Ғалымжан Қараманұлы (орыс тіінен аударылды)«Халықаралық Сократов комитеті жыл сайын іскер, ғылыми және шығармашыл қоғамның үздік деп таныған өкілдеріне еуропалық марапатты табыстайды…» деді. Тілшінің айтуынша, «комитет үміткерлерді іріктегенде білім алудың қолжетімділігіне, білім беру сапасына, профессор-оқытушылар құрамының кәсібилігіне, техникалық жабдықталу деңгейіне, сонымен қатар халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысуы мен халықаралық байланыс деңгейіне баса назар аударған».

Бұл қуанышты жаңалықпен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Қазақстан елшілігі өз сайтында да бөлісті.

Шын мәнінде, «қазіргі қоғамның ілгерілеуіне қазақстандық жоғары оқу орындары қосқан үлес, сонымен бірге ғылым, мәдениет және білімнің дамуына әсер еткені» күнде жоғары бағалана бермейді. Марапаттау рәсімінің өзі Ұлыбритания Корольдық институты директорларының бас резиденциясында өтті. Яғни, барлығы өте жоғары деңгейде, әсерлі болды. Десе де…

Марапат дүкендегі ойыншық секілді сатылады

Еуропалық БАҚ өкілдері бірнеше рет Сократов марапатына Оксфорд университетінің еш қатысы жоқ екенін, ал марапатты украиналық кәсіпкерлер тағайындайтынын жазған болатын. Мұндай айрықша белгіні алу үшін үлкен сомада ақша төлеп, марапаттау рәсіміне қатысу жеткілікті.

«OXFORD» сатылады

«Университет өзара байланысымыз жоқ деп айтқанымен, украин бизнесі Оксфорд университетінің марапат қағаздарын 9300 фунт стерлингке сатып, тіпті өз логотиптерін де пайдаланады. Бұрынғы қызметкердің айтуынша, олар Таяу Шығыс, Шығыс Еуропа елдері мен Ресейге көп саудаланады. Себебі бұл аймақтағы адамдар әлі де құрметті ақшаға сатып алуға болады деп ойлайды». Бұл оның The Sun-ға берген сұхбатынан.

The Times та өз парақшаларында «Оксфорд университетінің беделін жалған марапат пен атақты миллион фунтқа сатып жатқан украиндық кәсіпкерлер былғап жатыр» деп жазды. Британдық басылымның ақпаратына сенсек,

Еуропа бизнес ассамблеясы «Халықаралық Сократ сыйлығы» және «Виктория патшайымның естелік премиясы» сынды жалған марапаттарды 9 300 фунт стерлингке сату үшін өзін Оксфорд институты ретінде жарнамалап жүр.

Иван Саввовқа тиесілі компанияның бұрынғы қызметкерлері The Times-қа берген сұхбатында өздерінің міндеттері дамыған елдерден почта хабарламалары және қоңырау шалу арқылы қаражаты көп кәсіпкерлер мен ғылым өкілдерін табу болғандығын айтады.  Қызығушылық танытқандарға әкімшілік шығындарды өтеу және марапаттың брэндингін промоушн мен маркетингте қолдануға бес жылдық лицензия алу үшін бірнеше мың фунт стерлинг төлейтіндігі айтылған.

Сонымен қатар, басылым бұл мақала азамат Иван Саввов пен Антон Саввовтың атына ЕВА атынан жазылған құқықтық арыз екенін айтып өтті.

«Longyuan Power украиндық кәсіпкерлер басқаратын компаниядан марапатты алу үшін ақша төлегенін айтты» деп жазды

Гонконгта ағылшын тілінде шығып тұратын South China Morning Post деген көне газет бар. Сол басылымның ақпаратына сенсек, жел энергетикасымен айналысатын қытай компаниясы Оксфорд университетінің атынан марапатты саудалаған алаяқтардың құрбаны болған.

Бұдан күрделі тергеуді Жемқорлықты және ұйымдасқан қылмысты зерттеу жобасының (OCCRP) журналистері мен Сербия журналистік зерттеулер орталығының (CINS) тілшілері жүргізді. Репортерлер Драганы Пецо мен Дино Яхича «Қазір марапаттың құны қанша?» мақаласында The Europe Business Assembly (EBA) марапатты сататындығы әшкере болғанын айтты.

Сербиялық университеттердің жартысы «Сіздің жоғары оқу орныңыз марапатқа үміткер болды» деген хабарлама алған.

Журналистердің анықтауы бойынша, 2012 жылдың өзінде ЕВА-дан  Best Manager және Best City сыйлықтарын алу үшін Белград қазынасы 11 мың еуро берген. Ол транспорттық және өзге шығындар арқылы өтелген.

Ұлттық қорғаныс университеті Сократов марапатын қаншаға сатып алды және оған бюджет ақшасы кеткен-кетпегені бізге белгісіз. Қорғаныс министрлігі ЕВА сыйлығы туралы журналистердің сұрағына жауап бермеді. Білім және ғылым министрлігі де бұл сұрақты жауапсыз қалдырды.

Ал Тұңғыш Президент атындағы Ұлттық қорғаныс университеті ресми сайтынан марапат туралы ақпаратты алып тастаған, сілтеме бойынша парақша бос тұр.

Манипуляция | Оксфорд академиясы ҚР қорғаныс университетін ең беделді жоғары оқу орны деп таныды

Британиядағы шудан кейін украиндық БАҚ өкілдері The Europe Business Assembly басшысы Иван Саввовтың әкесі Антон Саввов та 90-шы жылдары әртүрлі рейтингтер, марапаттар мен сыйлықтарды ойлап табумен танымал болғанын анықтады.  Бұл қалталы азаматтардың көп кезі болатын, сол себепті олар қолдарына «Жыл фирмасы», «Жыл кәсіпкері» сынды диплом мен арзан статуэтканы ұстап тұру үшін БАҚ өкілдері мен өнер жұлдыздары қатысатын кештердің шығынын көтеретін болған.

ЕВА қымбат марапатын кімдер алған?

Сократов сыйлығын алғандардың тізімі таңдандырады. Олардың қатарында Грузия парламентінің спикері Нино Бурджанадзе мен қазақстандық халық емшісі Берік Жәңгірбаев, әзірбайжандық скульптор-монументалист Омар Эльдаров және ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым мен білімді қадағалау комитетінің экс-төрағасы Саят Нүсіпов, Тбилиси мемлекеттік медициналық университетінің ректоры Зураб Вадачкория және қазіргі ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева (сол кезде Астана қаласындағы №60 мектеп-лицейнің директоры болған), “Астанагорархитектура” ЖШС-і және Ақтөбе қаласындағы Қазақ-Орыс халықаралық университеті, Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты және мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті және Қ. Қожамияров атындағы ұйғыр музыкалық театрының әртісі Болат Аюханов, Inter Press Shymkent тіл орталығының басшысы Ардақжан Жәкенова және көптеген басқа азаматтар бар.

 

Factcheck.kz