Манипуляция | НЗМ оқушылары математика бойынша АҚШ оқушыларынан алда

Былтыр жыл соңында – желтоқсанның 1-інде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Назарбаев зияткерлік мектептерінің 10 жылдығына арналған” форумға қатысып, сөз сөйледі. Ол бұл мектептердегі “оқытудың үздік әлемдік стандарттары” туралы айтып, оқушылардың жетістігін былайша сөз етті: «НЗМ оқушылары математикалық сауаты  бойынша үздіктер қатарында. Сингапур, Жапония оқушыларымен қатарлас. Канада, Финляндия, АҚШ оқушыларынан алда”.

Қазақстандық БАҚ-тың басым бөлігі Назарбаевтың “Қазақстан оқушылары АҚШ-тағылардан алда” дегенін тақырып, ақпарат таратты.

Манипуляция | НЗМ оқушылары математика бойынша АҚШ оқушыларынан алда

Үкім: Шындық және манипуляция

Шындық: Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының математикалық сауатының деңгейі, Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, PISA рейтингінде расымен біраз дамыған елдің көрсеткішінен алда.

Манипуляция: Дегенмен министрлік сүйенетін рейтинг халықаралық деңгейде мойындалмаған. Демек, мұны Қазақстан мектептері оқушыларының білім деңгейін анықтайтын есеп деуге болмайды. Оның үстіне, Назарбаев мектептерінде оқитын дарынды балаларды Америкадағы орта мектеп оқушыларымен салыстыру дұрыс емес.

Қазір әлемде білім сапасын салыстыруда екі ғана зерттеу – PISA және TIMMS мойындалады. Екі бағдарлама да оқушылардың математикалық сауат деңгейін анықтайды.

Назарбаев мектебінің оқушылары зерттеуге қатысқаны туралы ресми түрде бір рет қана айтылған: 2016 жылдың желтоқсанында Білім және ғылым минитстрлігі “PISA-2015 жобасына алғаш рет Назарбаев мектебінің 15 жастағы оқушылары қатысып жатыр” деп хабарлаған.

TIMSS-2015-ке Қазақстаннан 9,5 мың оқушы қатысқан. Бірақ ол кезде министрлік әлгі оқушылар мен мектептер тізімін жарияламай, “үздік көрсеткішке қол жеткізгеніміз” туралы ақпарат қана таратты.

Бірақ БАҚ бұл ақпаратты сынай қабылдады. “Караван” газеті “TIMSS зерттеуінде де жақсы оқитын оқушылардың көп болуы орташа бағаны көтеруге септескен болуы керек” деп топшылаған.

PISA бойынша халықаралық салыстыру

Президенттің Назарбаев зияткерлік мектебі (НЗМ) оқушыларының PISA зерттеуіндегі нәтижелері жайлы айтқаны – шындық. НЗМ оқушыларын  Сингапур, Жапония, Канада, Финляндия мен АҚШ мектептеріндегі балалардың білімін салыстырсақ, нәтиже былай:

Манипуляция | НЗМ оқушылары математика бойынша АҚШ оқушыларынан алда

Алайда графиктің жеке көрсеткіштеріне үңіліп қарасақ, Қазақстан математикалық сауаты бойынша біршама төмендейді:

Манипуляция | НЗМ оқушылары математика бойынша АҚШ оқушыларынан алда

Біріншіден, Америка мектептері оқушыларының математикалық сауатын үлгі деп тану дұрыс емес. Олардың математикалық білімдері ортадан төмен – Ресей мен Еуропаның дамыған елдерінің көрсеткішінен аз. Тіпті венгриялық, литвалық оқушылардың деңгейі жоғары болмаса да, олар америкалық қатарластарынан біршама алда.

Екіншіден, Қазақстанның қатардағы орта мектептерінде оқитын балалар (графиктің соңғы қатарын қараңыз) деңгейі 72 мемлекет қатысқан зерттеуде 41 ел оқушыларынан төмен болып шыққан. PISA-ның 30 балы бір жылдық білімге сай екенін ескерсек, 15 жастағы қазақстандық жасөспірімнің математикалық сауаты Сингапурдағы – 11,5 жасар, Канададағы – 13, Ресейдегі 14 жасар баланың біліміне тең.

Үшіншіден, әлем бойынша орта мектеп оқушыларының білім деңгейін үздіктер іріктелетін Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының білімімен салыстыру мүлдем дұрыс емес.

Қазақстаннң PISA-2015-тегі сәтсіздігі

Білім министрлігі хабарлаған ақпаратта “нәтиже жабық сұрақтарға берілген жауапқа негізделді” деп жазылған. Ведомство бұл сөздің астарын ашып айтпайды. Негізінен PISA командасы қазақстандық оқушылар жауабының күшін “стандарттарға сай келмейді” деп жойған.

“Жабық сұрақтарға берілген жауаптар білім деңгейі қандай екенін көрсетпейтіндіктен Қазақстан көрсеткіштерін басқа елдермен, я былтырғы көрсеткіштермен салыстыруға келмейді. Қалған ақпарат халықаралық деректер базасына жүктеуге келмейді” деп жазылған PISA-2015 зерттеуінің техникалық есебінде.

PISA аналитиктері Қазақстан оқушыларының ашық сұрақтар бойынша нәтижелері неге ескерілмегенін былай түсіндіреді: “PISA Қазақстан тарабынан зерттеуге қатысқан кез келген 300 оқушының жауаптарын жіберуді сұраған. Қазақстан есепшілері (мұғалімдерді айтады) дайындағын деректер елдің былтырғы көрсеткіштерінен және биылғы жабық сұрақтарға берілген жауап көрсеткіштерінен мүлде басқа. Халықаралық бағдарлама өз ішінде талқылауында сарапшылар (мұғалімдердің) оқушыларға көмектескен деген шешімге келді. Осыған байланысты барлық нәтиже жарамсыз деп танылды”.

Журналист-аналитик. Магистр социальных наук

Factcheck.kz