ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Салауат Мүксимов Астанада өткен халықаралық бизнес-форум кезінде бірқатар мәлімдемелер жасап, оны bnews.kz порталы жариялады. Ендеше, сол мәлімдемелерді бірге тексерейік.
Мәлімдеме:
Біз алғаш рет осы рейтинте 31 балл жинадық.
Үкім: Шындық
Шынымен де, Қазақстан алғаш рет 30 баллдан асты.
Мәлімдеме:
Қазақстан тәуелсіздік жылдарында алғаш рет Transparency International рейтингінде сыбайлас жемқорлық факторы бойынша инвестициялық жағымды аймаққа енді.
Үкім: Манипуляция
Transparency International рейтингі мемлекеттердің инвестициялық ахуалының жай-күйін анықтамайды. Мүксимов мырзаның Қазақстандағы инвестициялық жағдайдың жай-күйіне берген бағасы субъективті болып келеді, бұл деректі Transparency International растамайды.
Мәлімдеме:
Қазақстан Посткеңестік елдер арасында алдынғы қатарда. Алдымызда тек Грузия ғана.
Үкім: Жалған
Тек ТМД елдерін ғана қарастыратын болсақ, Қазақстанның алдында Армения (107-орын – 35 балл) және Белоруссия (68-орын – 44 балл) тұр. Қазақстан, Молдова және Әзірбайжан 122-орынды 31 баллмен бөліскен.
Посткеңестік кеңістіктегі елдер арасынан Қазақстаннан, Армения мен Белоруссия, Грузия (46-орын – 56 балл) ғана жоғары тұрған жоқ, Балтық елдерінің барлығы алдыңғы қатарда: Латвия – 58 балмен 40-орында, Литва – 59 балмен 39-орында, Эстония -71 балмен 21-орында. Осылайша Қазақстан мен Эстония арасындағы алшақтық рейтингтің 101 позициясы (180 елдің арасынан) немесе 40 балл.
Transparency International рейтингісі туралы
- Transparency International – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаһандық бірігу. Сыбайлас жемқорлықтың халықаралық рейтингі CPI (сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі) негізінде жинақталады.
- Рейтинг елдегі сыбайлас жемқорлықтың объективті жай-күйінің көрінісі болып табылмайды, өйткені индекс сыбайлас жемқорлықтың келесі аспектілерін жаппайды: азаматтардың сыбайлас жемқорлықты қабылдауы; салықтық құйтырқылық, ақшаны жымқыру; көлеңкелі экономика мен нарықтар.
- CPI рейтингі – әр-түрлі институттар өткізетін 13 зерттеудің агрегировалық индексі.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.