Фактчек | Қазақстан мектептеріндегі мұғалімдердің 10 пайызы ерлер

1 ақпан күні «Алматы ақшамы» газетінде «Апай – көп, ағай – аз: мектепте ер мұғалімдердің саны неге сиреп кетті?» деген әлеуметтік сауалнама жарық көрді.

Материалда еліміздегі мектептерде қызмет атқаратын мұғалімдердің 90 пайызы әйелдер, қалған 10 пайызы ер мұғалімдердің үлесінде екені жазылған. Сонымен қатар әр мектепте шамамен 6-7 ғана ер мұғалім жұмыс істейді деген дерек келтірген.

Орта білім беретін мұғалімдердің басым көпшілігі әйелдер екені бұған дейін (бұл – жалақы төлеу барысында да жиі көтерілетін мәселе) де талай айтылса да, біз материалда келтірілген деректердің рас-өтірігін анықтап көрдік.

Мәлімдеме: Мектептерде мұғалімдердің 90 пайызы әйел, қалған 10 пайызы ер мұғалім

Үкім: Манипуляция 

Қазақстандағы орта білім беретн әйел мұғалімдердің үлесі 81 пайыз, ер мұғалімдердің көрсеткіші 19 пайызды құрайды.

Фактчек | Қазақстан мектептеріндегі мұғалімдердің 10 пайызы ерлер

90 мен 10 деген жақсы естілетін немесе оқылатын болар, бірақ, гендерлік дисбаланс бар және оны нақты деректер арқылы жазған дұрыс.

Мәлімдеме: Әр мектепте шамамен 6-7 ғана ер мұғалім жұмыс істейді

Үкім: Шындық, бірақ…

Қазақстан бойынша әр мектепте орта есеппен 7-8 ер мұғалімнен келеді. Бұл тек арифметикалық сан ғана. Шын мәнінде, ер азаматтар жұмыс жасамайтын мектердің де болуы ғажап емес. 

Статистика комитетінің деректеріне сай, 2018/2019 оқу жылындағы көрсеткіш бойынша елімізде 7 339 мектеп бар бар. Яғни әр мектепте, орташа есеппен 7-8 ер және 31-32 әйел мұғалім оқушыларға білім береді. 2018/2019 оқу жылында 3039,1 мың оқушы мектепке барады.

Factcheck.kz